Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Technodom-да Visa Urban картасымен 0-0-12 бөліп төлеу

Сбербанкте Visa Urban картасын ашыңыз да, Technodom дүкендер желісінде 12 айға дейін, пайызсыз және артық төлемсіз кез келген техниканы бөліп төлеуге аударыңыз.

Жалпы талаптар

  • Жасы 21-ден зейнеткерлік жасқа дейін;
  • Жеке тұлғалар - ҚР азаматтары, ҚР резиденттері (ҚР тұруға ықтиярхаты бар басқа мемлекеттің азаматтары);
  • - Жағымсыз кредиттік тарихы болмауы тиіс.
  • - Салық берешегінің болмауы тиіс.
  • Сыйақы мөлшерлемесі: 26%-дан бастап
  • Ең төменгі тапсырыс сомасы: 10 000 теңге
  • Ең жоғарғы тапсырыс сомасы: 2 000 000 теңге
  • 12 айға дейін бөліп төлеу - 0%

Жиі қойылатын сұрақтар

Technodom-да бөліп төлеуді қалай рәсімдеуге болады?

  1. www.technodom.kz сайтына кіреміз;
  2. Логин мен пароль арқылы авторизациядан өтеміз (болмаған жағдайда тіркеуден өтеміз);
  3. Тауарды таңдаймыз - > Себетке өтеміз;
  4. «Өзім алып кетемін/Курьермен жеткізу» жеткізу әдістерін таңдаймыз;
  5. «Кредитке немесе бөліп төлеуге» бағанында төлем әдісін таңдаған кезде «Бөліп төлеуді» таңдаймыз, 3 айдан 12 айға дейінгі мерзімді көрсетеміз, «Бөліп төлеуді қай банкте рәсімдеу керек» деген блокқа «белгіні» қоямыз;
  6. ЖСН деректерін толтырамыз және дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімді, ГБ сұраныстары мен БКБ сұраныстарды ұялы телефон нөміріне жіберілген бір реттік құпиясөзбен растаймыз;
  7. 2 минутқа дейін өтінімнің қаралғанын күтеміз;
  8. Өтінімді Technodom сайтында мақұлдаған жағдайда  алдын ала есептеулермен мақұлданған шарттар туралы ақпарат шығарылатын болады;
  9. Сбербанктен «ұсынысты» таңдаған кезде 969 нөмірінен мақұлданғаны туралы  SMS аламыз және Сбербанк мобильді қосымшасында рәсімдеуді жалғастырамыз;

Бөліп төлеуді рәсімдеуді аяқтау

  1. Сбербанк қосымшасын ашмыз (СМС түрінде алынған сілтемесі бойынша өтiп және егер қосымша орнатылмаған болса, қосымшаны ұялы телефонға жүктеп аламыз);
  2. Авторизациядан өтiп, Банктің клиенті болып тiркелемiз (тек жаңа клиенттер үшін);
  3. «Кредиттер» бөлімінде «+» белгісін басып, «Қараудағы өтінімдерді» таңдаймыз;
  4. «Мақұлданған» мәртебесі бар өтінімге өтiп, мақұлдау шарттарын таңдаймыз;
  5. Код сөзін көрсетiп,  шарттарды растаймыз. Келесі кезеңде жүйе қол қоюға құжаттарды қалыптастырады;
  6. Әрбір қалыптасқан құжатпен танысып, бір реттік құпиясөз көмегімен құжаттарға қол қоямыз;
  7. ДАЙЫН! Бірнеше минут ішінде лимиті бар карта жеке кабинетте «Менің карталарым» бөлімінде көрсетіледі.  Тауар, ұсынылған мақұлданған шарттардан таңдалған мерзімге бөліп, төлеуге рәсімделетін болады.  Төлемдер кестесімен картаға өтіп,  «Операциялар» қосымша парақшасында «Бөліп төлеу» тармағын, содан кейін «Кестелер» қосымша парақшасын таңдай отырып танысуға болады.

Егер Сізде Visa Urban картасы болса

POS-терминалдар, сайт немесе Technodom.kz қосымшасы арқылы серіктес желісінде Urban кредит картасының көмегімен жасалған 10 000-нан 2 000 000 теңгеге дейінгі кез келген сатып алынған затты (сатып алу кезінде клиент операцияны бөліп төлеуге аудару туралы ұсынысы бар СМС/PUSH хабарлама алады) Сбербанк Онлайн мобильді қосымшасы арқылы өз бетінше 3 айдан 12 айға дейін бөліп төлеуге аударуға болады:

  1. Серіктес желісінде сатып алуды жүзеге асырамыз;
  2. Сбербанк қосымшасына кіреміз;
  3. «Менің карталарым» бөліміне өтіп, «Visa Urban» картасын таңдаймыз, одан кейін «Бөліп төлеу» тармағын таңдаймыз;
  4. «Операциялар» қосымша парақшасында Технодом бойынша бөліп төлеуге аударғымыз келетін сатып алынған затты таңдаймыз, «Бөліп төлеуге аудару» дегенді басамыз;
  5. Бөліп төлеудің қажетті мерзімін таңдаймыз (3 айдан 12 айға дейін 0% бөліп төлеу);
  6. Рәсімдеуді басамыз және операцияны растау үшін бір реттік құпиясөзді енгіземіз;
  7. Операция бөліп төлеуге сәтті ауыстырылды;
  8. Төлемдер кестесімен «Менің карталарым» бөліміне өтіп, «Visa Urban» картасын, «Операциялар» қосымша парақшасын, «Бөліп төлеу» тармағын, содан кейін «Кестелер» қосымша парағын таңдай отырып танысуға болады.

 

Бөліп төлеу бойынша төлемді қалай өтеуге болады?

Жоспарланған төлемді/берешекті өтеу үшін ақша кредиттік картаның шотына түсуі керек. Оны бірнеше әдіспен жасауға болады:

  • Сбербанк Онлайн мобильді қосымшасында онлайн өтеу.
  1. Сбербанк қосымшасын ашу;
  2. «Менің карталарым» бөліміне өтіп, «Visa Urban» картасын таңдаймыз;
  3. «Толықтыру» дегенді басамыз, «Ақша есептен шығарылатын шотты» таңдаймыз. («Ақша аударылатын  шот» автоматты түрде көрсетіледі);
  4. Аударым сомасын көрсетіп, «Жалғастыру» дегенді басамыз;
  5. ДАЙЫН! Бірнеше минут ішінде сома Urban картасының шотына аударылатын болады.

 

  • Банкомат (Cash in) арқылы толтыру / ИПТ (өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы) арқылы толықтыру.
  1. Жақын жердегі Банкоматты / Сбербанктің ИПТ табу, бас мәзірден «Қолма-қол ақша төлемдері» дегенді таңдау;
  2. Қызмет көрсету тілін таңдаймыз (орыс/қазақ);
  3. Төлемдер тобында «Кредитті өтеу, картаны толықтыру, депозит» дегенді, одан әрі «Картаны толтыру» - > «Менің картам» дегенді таңдаймыз;
  4. Тиісінше мәнді «ЖСН/штрих код/жеке куәлік бойынша іздеу» немесе «Карта нөмірі бойынша іздеу» бойынша таңдаймыз;
  5. Карталар тізімінен толтыру қажет картаны таңдаймыз және төлем деректемелерін тексереміз (карта нөмірін СБОЛ МҚ көруге болады);
  6. Қағаз ақша қабылдағышқа қажетті соманы саламыз және төлемді растаймыз.

 

  • Сбербанктің кез-келген бөлімшесінде касса арқылы толтыру.

 

 

Жеңілдік кезеңінің сомасын қайдан көруге болады?

Жеңілдікті кезеңдегі сома келесі берешекті қамтиды: өткен айлардағы кредиттік лимит бойынша + жеңілдікті кезеңнен тыс операциялар үшін кредиттік лимит бойынша сыйақы + бөліп төлеу бойынша жоспарлы төлемдер сомасы.

Жеңілдік кезеңіндегі сома Сбербанк Онлайн мобильді қосымшасында көрсетіледі.

  1. Сбербанк қосымшасын ашу;
  2. «Менің карталарым» бөліміне өтіп, «Visa Urban» картасын таңдаймыз;
  3. «Карта туралы» қосымша парағында төмен жылжытып, «Жеңілдік кезеңіндегі сома» дегенді табамыз. (төмендегі суретті қар.);

* Егер «Жеңілдік кезеңіндегі сома» жолы көрсетілмесе, онда Сізде жеңілдікті төлемді орындау үшін берешек жоқ.

 

Поделиться


Алматы