Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

ҚАЗАҚСТАНДА РЕСЕЙ КИНОСЫНЫҢ RUSSIAN FILM FESTIVAL АТТЫ АЛҒАШҚЫ ОНЛАЙН-ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

21 маусымнан бастап 11 шілде аралығында Okko мультимедиялық сервисінде тоғыз ресей фильмін тегін тамашалауға болады. Қазақстандық көрермендер көркем және анимациялық туындылардың жаңа топтамаларын алғашқылардың бірі болып көре алады, бұл туындылардың көбісі ресейлік және шетелдік фестивальдерде марапатқа ие болған.

Қазақстандағы Russian Film Festival Роскиноның 2020 жылы РФ Мәдениет министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған әрі Австралия, Мексика, Испания және Бразилия елдерінде сәтті өткізілген онлайн-фестивальдері сериясының жалғасы болмақ. Фестиваль Okko мультимедиялық сервисімен бірлесе өткізіледі және ТМД аумағында ресейлік кинематографияға арналған алғашқы іс-шаралардың бірі болады.

Не көреміз?

RFF аясында 77 Венециялық кинофестивальге қатысушы-туындылар – әділқазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болған Андрей Кончаловскийдің «Дорогие товарищи» атты жаңа фильмі және Иван Твердовскийдің Мәскеуде Дубровкадағы Театр орталығында 2002 жылы болған терактіден кейін қалған жан жарақаты мен күйзеліс туралы «Конференция» фильмі көрсетіледі. Көрермендер басты рөлдерде Светлана Ходченкова мен Стася Милославская ойнайтын шынайы оқиғаларға негізделген «На острие» спорт экшн-драмасын, Рената Литвинованың «Северный ветер» атты қиял-ғажайыпқа толы костюмирленген ертегісін және «Серебряные коньки» тарихи мелодрамасын тамашалай алады. Сондай-ақ бағдарламада «Пальма» отбасылық шытырман оқиғалы фильмі және Михаил Сегалдың «Глубже!» жаңа комедиясы бар. Анимациялық бағдарламада көпшілікке белгілі «Белка и Стрелка: Карибская тайна» көрсетіледі. Russian Film Festival бағдарламасына бірінші рет «Үздік ойынсыз фильм» номинациясы бойынша 2019 жылы «Золотой орел» ұлттық киножүлдесін алған қоңыр аюлардың өмірінің алғашқы жылдары туралы «Медведи Камчатки. Начало жизни» документалдық лента енгізіледі.

Қазақстандағы Russian Film Festival бағдарламасына енгізілген фильмдерді фестиваль өткізілетін уақытта Okko платформасын жаңа пайдаланушылар тегін көре алады.

 «Бүгінгі таңда Сбербанк жай ғана банк емес. Бұл 50-ден аса компания және клиенттерге күнделікті мәселелерін шешуге және бос уақыттарын барынша тиімді өткізуге көмектесетін экожүйе сервистері. Сондай сервистердің бірі Okko онлайн-кинотеатры болып табылады. Сервистің көмегі арқылы қазақстандық көрерменнің Russian Film Festival онлайн-фестивалінде көрсетілетін барлық туындыларды көре алу мүмкіндігінің болатынына және ауқымды мәдени іс-шараның бір бөлшегі бола алатынына қуаныштымыз», - деді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының Орынбасары Ернар Накисбеков.

«Ресей мен Қазақстанды мәдениет, өнер, білім беру саласында ежелден келе жатқан қарым-қатынастар біріктіреді. Қазақстандағы Ресей күндері және Ресейдегі Қазақстан күндері, фестивальдер және шығармашылық топтардың іс-сапарлары Үздіксіз мәдени алмасудың көрінісі. Russian Film Festival-дің кинематография саласындағы қарым-қатынасты нығайтуға және біздің индустрияда жаңа мәдени және іскерлік байланысты орнатуға септігін тигізетін оқиға болатынына қуаныштымын», деген пікір қалдырды Евгения Маркова, РОСКИНО-ның Бас директоры. 

«Қазақстандағы Russian Film Festival – ТМД-дағы алғашқы онлайн-фестиваль. Керемет контент жинағы бар және біздің ұсынысымызды аса қызығушылықпен қабыл алған Okko сервисімен ынтымақтастық орнатқанымызға өте қуаныштымыз. Біз бірлесе отырып Қазақстандықтар үшін бірінші рет көрсетілетін ең жаңа деген ресейлік шығармалардан құралған өте қызықты және алуан түрлі бағдарлама жасадық», деп айтты Игорь Хомский, Russian Film Festival продюсері

«Қазақстанда Russian Film Festival-ін өткізу үшін сенім білдіргені үшін және туындыларды ерекше диджитал-алаңда көрсете алу мүмкіндігін бергені үшін РОСКИНО-дағы серіктестерімізге алғыс білдіреміз. Сонымен қатар ТМД елдерінде ресейлік кинематографияны дамыту бойынша ауқымды жобаның бір бөлшегі болғанымызға өте қуаныштымыз. Біз мұны Ресейлік бүкіл киноиндустрия үшін маңызды оқиға деп санаймыз және Ресейдегі Okko пайдаланушыларына ғана қолжетімді ресей кинематографиясының ең үздік деген шығармаларын Қазақстандағы көрермендердің көпшілігі көре алу үшін барлық күш-жігерімізді саламыз», деді Максим Евдокимов, Okko мультимедиялық сервисінің Бас директоры.

Okko-ны қалай қосамыз?

Okko мультимедиялық сервисі Қазақстанда «Сбербанк» АҚ ЕБ экожүйесінің аясында берілді және қызықты әрі ерекше контент, сондай-ақ қолжетімді бағасының есебінен өзінің республикадағы қатысу үлесін белсенді түрде арттыру үстінде. Сондай-ақ кинотеатрда қазақстандық киностудиялардың жергілікті контенті де қолжетімді – бұл дегеніміз – 100 фильм және телехикая, соның ішінде қазақ тіліндегі туындылар да бар.

Сервиске жазылуды Банктің Сбербанк Онлайн мобильді қосымшасынан алуға болады. Көрермендерге екі пакет қолжетімді:

- Okko «Оптимум» - өте жақсы сападағы және жарнамасыз 80 000-нан астам фильм, телехикая, мультфильм және білім беруге арналған бағдарламалар;

- Okko «Премиум» - өте жақсы сападағы және жарнамасыз 90 000-нан астам фильм, телехикая, мультфильм және білім беруге арналған бағдарламалар.

Анықтама үшін

«Сбербанк» АҚ ЕБ Сбербанк халықаралық тобына енеді. Банк 15 жыл қатарынан Қазақстанның қаржылық нарығында жұмыс істеп келеді, 01.04.2021 ж. жағдай бойынша Қазақстандағы барлық ЕДБ арасында активтер көлемі бойынша 2 орын алды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Банк Қазақстан Республикасындағы шетелдік қатысуы бар ең ірі салық төлеушілердің ТОП-30-дығына енді. 2020 жылы салықтық аударымдары 20 млрд. теңгеден астам соманы құрады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-ның 110 құрылымдық бөлімшеден (олардың 17-сі филиал) құралатын филиалдық желісі бар. Банктің орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.

Okko мультимедиялық сервисы — Ресейдегі ең ірі VoD-сервистердің бірі. Жоба 2011 жылы іске қосылды және қазіргі уақытта төмендегідей барлық негізгі платформаларда бар: Smart TV, mobile (IOS және Android), Apple TV, PlayStation 3, 4 және 5, web (ПК).

Okko пайдаланушылары ұнаған фильмдерін жоғары сапада (8K, 4K, HDR) сатып ала алады және жүктей алады, 48 сағатқа контент жалға ала алады немесе жазылым сатып алып, оны кез келген белгілі платформада көре алады. Сервистің қоржынында Walt Disney Pictures, Paramount Pictures, 20th Century Fox, Warner Bros, Sony Pictures, Universal Pictures сияқты әлемдік киностудиялардың, сондай-ақ танымал еуропалық және ресейлік фильмдер мен телехикаялар шығарушыларының мыңнан астам белгілі контенті бар. 

Okko контенттің 80, 90 және 55 мың бірлігіне қолжетімділік беретін “Оптимум”, “Премиум” және “Лайт”, жазылымдарын ұсынады. “Лайт” “СберПрайм” жазылымына кіреді.

Okko мультимедиялық сервисі Сбердің экожүйесінің ойын-сауықтық активтерін біріктіретін «СберИнтертеймент» компанияларының тобына енеді.

Russian Film Festival – РФ Мәдениет министрлігінің қолдауымен РОСКИНО ұйымдастыратын жоба. RFF мақсаты – шетелдік көрерменді заманауи ресейлік контенттің сан алуандылығымен таныстыру, яғни көркемдік кинодан документалдық киноларға, телехикаяларға және анимацияларға дейін. 2020 жылы фестиваль төрт елде (Австралия, Мексика, Испания, Бразилия) онлайн форматта өткізілді, 120 мыңнан астам көрермен жинады. 2021 жылы RFF өткізілген алғашқы ел Аргентина болды. Бұл ресейлік  киноиндустрия үшін кең ауқымды халықаралық аудиторияға бағытталған бірінші онлайн-жоба. Бүгінгі таңда онлайн және оффлайн іс-шаралар біріктірілген ауқымы кең фестивальдер өткізу жоспарланып отыр.

РОСКИНО – халықаралық нарықта аудиокөрнекі контенттің ресейлік индустриясын ұсынатын мемлекеттік ұйым; фильмдерді, телехикаяларды және анимациялық туындыларды ұсыну бойынша, сондай-ақ жаңашыл және Ресеймен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін ұлттық оператор. Сонымен бірге компания – индустриалдық сарапшы және дарынды ресейлік продюсерлер, режиссерлар, әртістер үшін арнайы білім беру бағдарламаларын ұйымдастырады. РОСКИНО негізгі деген халықаралық нарықтарда және фестивальдерде ресейлік контентті ілгері дамытумен айналысады әрі шетелдерде Russian Film Festival брендімен Ресей киносы фестивалін ұйымдастырады.

Поделиться


Алматы