Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк ENACTUS жобасының аясында жастарға қолдау көрсетті

Сбербанктің ұрандарының бірі – Бүгінгі іс-әрекетіміз – ертеңгі болашағымыз, банк үнемі өзгеріс үстіндегі әлем үшін өзекті болып табылатын жастардың әмбебап құзыреттілігі мен жаңа алған білімін дамытуға ықпал ететін бір қатар білім беру жобаларын іске асырады.

Биыл қаржы институты ENACTUS халықаралық платформасына қолдау көрсетті, оның негізінде жастарға көшбасшылық және кәсіпкерлік сабақтары өткізіледі. Жоба 1975 жылы АҚШ-та пайда болды және бүгінде әлемнің 40 елінде, соның ішінде Қазақстанда өткізіліп келеді.

Жыл сайын Ұлттық кубокта жоғары оқу орындары мен мектеп ENACTUS командалары бизнес және білім беру саласындағы көшбасшылардың алдында өздерінің әлеуметтік, экологиялық және экономикалық жобаларын қорғайды. Осы жылы конкурсқа қатысуға 40-тан астам студент және 35-тен астам мектеп командалары өтініш білдірді, оның ішінде 20-сы финалға өтті.

Ең негізгі ENACTUS Kazakhstan National Expo сайысы Нұр-Сұлтан қаласында 18 маусым күні өтті. Жарыс оған қатысуға тұрарлықтай болды – жеңімпаздар демеушілерден жобаларды дамытуға қаржылай көмек алды және ENACTUS әлемдік Кубогында Қазақстанның намысын қорғау мүмкіндігіне ие болды.

Жастардан құралған бизнес-командалар қаржылық мүмкіндігі мол, шынымен де, өте қызықты жобаларды ұсынды. Мысалы, Toraighyrov University-ден келген жастар өздерінің рекуператор атты ойлап шығарған құрылғыларын көрсетті, бұл – бір мезетте өңделген бөлме ауасын сорып, ішке даладан келетін ауаны кіргізетін құрал. Ол иіс тию газы сезбегімен жабдықталған және ТЖМ қызметін автоматты түрде шақыра алады. Құрал не бары 24 Вт-ға дейін тұтынады, бұл дегеніміз,  шамның қызуынан да аз. Бұл ретте оның құны өзіне ұқсайтын құралдардың құнынан үш есе арзан. Қазіргі уақытта құрылыс бригадалары жаңа үй тұрғызған кезде студеттер ойлап тапқан осы рекуператорларды орнатып жүр.

Букетов атындағы университет командасы (Қарағанды) қоршаған ортаның ластану және ормандарды шабу проблемасына алаңдаушылық білдіріп, өңделген бөтелкелерден пластикалық жиhаздар шығаруды, сондай-ақ ескі ағаш табандықтарынан жиhаз жинауды бір ізге түсірді, осылайша, үлкен кісілерді жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.

Дулати атындағы университеттің дарынды жастары науқас жандармен сұрақ-жауап жүргізіп, дәрігерлермен кеңесе отырып, түбегейлі дайындық жұмыстарын жүргізіп, инсульт алған адамдарды оңалтуға арналған жаттықтыру құралдарының жаңа кешенін әзірледі. Жаттықтыру құралының құны бар болғаны 20 мың теңге, және бүгінгі таңда жастарда бұл құралды жасауға сұраныстар бар.

КБТУ студенттері өздерінің жобасымен таңқалдырды, компаниялар әр түрлі кейстерін/орындауға арналған тапсырмаларын орналастыра алатын платформаны ұсынды. Студенттер, өз кезегінде, ол жерде өздерінің түйіндемелерін салып, командалар құрып, компаниялар ұсынған кейстерді шешеді. Демек, өзінің де өзгенің де тапсырмаларын орындайды, мәселелерін шешеді.

Сбербанктің Басқарма Төрағасының орынбасары Ернар Накисбеков Кубокқа қатысушыларға былай деді: «ENACTUS платформасы – заманауи қазақстандық жастардың өзін өзі дамытуына мүмкіндік беретін әлеуметтік жедел саты сияқты. Финалда ұсынылған жобалардың көбісі қазірдің өзінде дайын тұрған стартаптар, бұл дегеніміз, жастардың аса дарындылығын және олардың кәсіпкерлік көшбасшылығының жоғары деңгейін растайды. Жалпы алғанда, ENACTUS жобасы Сбербанк жүзеге асыратын ESG саясатымен байланысты, сондықтан қаржы институты үшін ерекше қызығушылық тудырып отыр».

- Сіздердің жалынды күш-жігерлеріңіз, білімдеріңіз және білім беру, экологиялық, әлеуметтік-кәсіпкерлік жобаларды іске асыру арқылы бұл әлемді жақсартуға деген ынталарыңыз қолдауға зәру адамдарға септігін тигізеді, - деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

- ENACTUS бағдарламасының түлектері әлем бойынша жас бизнесмендер мен кәсіпкерлердің қатарын толықтыруда. ENACTUS Kazakhstan қызметі қазақстандық жастардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға, және олардың отандық бизнесті дамытуға белсенді қатысуына бағытталған, - деп айтты ҚР АҚДМ жастар және отбасы істері комитетінің басшысы Шахмардан Байманов.

Caspian университеті командасының қатысушылары Банктен еңбек өтілінен өтуге шақырту алды. Банк Ұлттық кубоктың жеңімпаздары атанған Астанадағы Медициналық университеттің жастарына жүлделер табыстады.   

Поделиться


Алматы