Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк еліміздің астанасында VIP-клиенттерге қызмет көрсететін офис ашты

Сбербанк клиенттерге қызмет көрсету желісін жаңарту үстінде. Маусым айының ортасында еліміздің астанасында қаржы институтының артықшылықты клиенттеріне қызмет көрсететін «Сбербанк Первый Астана» офисі өз есігін айқара ашты.


The St. Regis Astana-да, яғни Есіл өзенінің бойындағы орталық Саябақта орналасқан көпфункционалды кешендегі бұл офис – бүгінгі таңда банктің VIP-клиенттеріне премиум санаттағы жеке банктік қызмет көрсету саласында эксклюзивті қызмет кешенін көрсететін Нұр-Сұлтандағы «Сбербанк Первый» форматындағы жалғыз офис. Банк клиенттердің мәселелерін жеке-дара қарастырады, құпиялылықты сақтайды және әр клиентке жеке өзінің біліктілігі жоғары қаржы менеджерінің қызметіне тәулік бойы жүгіне алатындай мүмкіндік береді.   


«Сбербанк Первый» жаңа форматтағы офисте клиенттердің өздерін барынша ыңғайлы, жағымды және қауіпсіз сезінуіне барлық жағдай жасалған, мысалы: интерьер дизайны өте стильді жасалған, жайлы күту аймақтары керемет жиhазбен жабдықталған, ол жерде клиент демалып, каминнің түбінде тұрып хош иісті кофе іше алады, кездесулерін сөйлесу бөлмелерінде өткізе алады. 


Сондай-ақ офисте тәулік бойы автоматты түрде жұмыс істейтін депозитарий бар, ол «Сбербанк Первый» офисіне келетін әр клиенттің құпиялылығын және толығымен қорғалуын қамтамасыз етеді.


Сбербанк «Сбербанк Первый» жаңа офисі жеке-даралықты және жеке жұмыс істеуді бағалайтын клиенттерге кез келген қаржылық мәселелерін ерекше қолайлы жағдайда шешуге мүмкіндік береді деген сенімде.  

 

Поделиться


Алматы