Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк Қазақстандағы банктердің жыл сайынғы рейтингінде өз позициясын ұстап тұр

Forbes Kazakhstan журналы 2020 жылға арналған банктердің рейтингін жариялады, “Сбербанк” АҚ ЕБ барлық көрсеткіштер бойынша оң динамика көрсетіп, Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің ішінен тұрақты түрде екінші орын алып келеді.

Бағалау жұмыстарына Қазақстандағы 27 банк қатысып, рейтинг балдық есептеу жүйесінің негізінде жасалды. ҚР Ұлттық банкінің деректері, Kase.kz және банктердің ресми сайттарынан алынған деректер негізгі ақпарат көзі болып табылады. Балл 12 көрсеткіш (тұрақтылық, тиімділік, табыстылық және т.б.) бойынша есептелді, бұл балл, өз кезегінде, жалпылама бағадағы «таразы» бойынша сараланды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша “Сбербанк” АҚ ЕБ активтердің мөлшері бойынша ең үздік деген 10 ЕДБ арасынан екінші орынға шықты – 3,2 трл теңге, бұл бір жыл бұрынғы нәтижеге қарағанда 43,5%-ға көп, меншікті капиталы бойынша үшінші орынға ие болды – 299.7 млрд. Банк таза пайдасы бойынша үшінші орында – 60,5 млрд теңге.

2020 жыл оңай жыл болмады, алайда бұл ірі банктердің бәсекелестігін күшейтті. Ең үздік деген 10 ЕДБ активтерін 16,8%-ға, несиелік портфельдерін 11,8%-ға арттырды. Қалған 17 ЕДБ активтері 13,6%-ға ғана артса, несиелік портфельдері 21%-ға өсті.

Сарапшылардың деректері бойынша 2020 жылы банктік сектордың қозғалысы мынадай үш басты ерекшеліктен тұрады: сандық жүйеге көшу, өзінің экожүйесін құру, фрагменттеу және белгілі бір нарыққа немесе клиент түріне арналған банктердің пайда болуы.

Дереккөз: Forbes Kazakhstan

 

Поделиться


Алматы