Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Димаш Құдайберген Сбербанктің Қазақстандағы бренд-амбассадоры атанды

Есімі әлемге әйгілі қазақстандық әнші, керемет дауыс иесі Димаш Құдайберген Сбербанктің Қазақстандағы бренд-амбассадоры атанды. Танымал күміс көмей әнші өзінің миллиондаған аудиториясына қаржылық институт өнімдерінің, сонымен қатар Сбербанктің экожүйесіне кіретін сервистердің артықшылықтары туралы айтады.

Димаш өзінің аудиториясымен жаңа мобильдік қосымша Sberbank KZ-ны, бүгінгі таңда қоржынында 80 мыңнан астам фильм бар Okko онлайн-кинотеатрын, сондай-ақ 40 миллион ән, подкаст пен аудиокітап тыңдауға мүмкіндік беретін СберЗвук стримингтік сервисін қолданудағы тәжірибесімен бөліседі.

«Димаш – шығармашылыққа жақын, жаңа технологияларға қызығушылығы мол, өз уақытын бағалайтын және тек жақсыны таңдайтын қазақстандық жаңа буынның айқын көрінісі. Клиенттеріміз де дәл сондай. Еліміздің мақтанышы бола тұра, Димаштың бренд-амбассадор болуға әрі Сбербанктің сервистерін ұсынуға келісімін бергені бізді қатты қуантты», - деді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Елдар Теңізбаев.

Сбербанктің жаңартылған мобильді қосымшасы – бұл жеке қаржыңызды басқаруға арналған ыңғайлы құрал. Оның көмегімен 4 000-нан астам төлем жасай аласыз, халықаралық, соның ішінде Ресейге және ТМД-ға аударымдар жасай аласыз, валютаны тиімді айырбастап, өз шоттарыңызды басқара аласыз және банктік өнімдердің толық шоғырымен жұмыс жасай аласыз.

Бұл қосымшада Okko онлайн-кинотеатрына жазылу және Сбербанк экожүйесінің басқа да сервистерінің ақысын төлеуге болады. Айтпақшы, Димаштың әндерін СберЗвук сервисінде тегін тыңдай алу сервисті пайдаланушылар үшін қуантарлық бонус болмақ.

Поделиться


Алматы