Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

  • Пресс-служба
  • Жаналык
  • Сбербанк Қазақстан «Баспана хит» бағдарламасы бойынша ипотека беруден ең үздік деп танылды

Сбербанк Қазақстан «Баспана хит» бағдарламасы бойынша ипотека беруден ең үздік деп танылды

«7-20-25» және «Баспана хит» мемлекеттік бағдарламаларының ресми операторы - «Қазақстандық тұрақтылық қоры» АҚ жасаған жыл қорытындысы бойынша «Сбербанк» АҚ ЕБ «Баспана хит» бағдарламасы бойынша ипотека беруден абсолютті көшбасшы деп танылды. Банк жалпы соманың 58% орындаған. Айта кетейік, Сбербанк осы бағытта екінші жыл ең үздік деген атаққа ие.

Жалпы Сбербанк 205 млрд. теңгеден жоғары сомаға 24 600 ипотекалық несие рәсімдеген, оның ішінде 2020 жылы 136 млрд. теңге сомаға 15 000 несие берілген.

«Ипотека рәсімдеу үшін Екінші деңгейлі банкті таңдау кезінде Сбербанкті таңдаған қазақстандықтардың сенімін жоғары бағалаймыз, - деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасы Елдар Тенизбаев. «Біз өз кезегімізде әр азаматқа сапалы және жылдам қызмет көрсету мәселесіне ден қойдық және қазақстандықтардың тұрғын үй мәселесін жақсартуға бағытталған бағдарламаға қатысқанымызға қуаныштымыз. «Баспана хит» бағдарламасы клиенттеріміздің арасында бірқатар артықшылықтары мен тиімді жаңартуларының арқасында шынымен танымал болды. Мысалы, несие беру кезінде комиссия алынбайды, жартылай мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұл салынбайды және мерзімінен бұрын өтеу соммасына шектеу жоқ,»-деп толықтырды ол.


Ақпарат үшін: 

«Сбербанк” АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 14 жыл табысты жұмыс істеп келеді. 01.01.2021 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда "Сбербанк" АҚ ЕБ-нің 110 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сі - филиал. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.     

Поделиться


Алматы