Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беруде кастодиан болады

2021 жылғы 18 ақпанда "Сбербанк" АҚ ЕБ, БЖЗҚ және "Jysan Invest" брокерлік компаниясы арасында кастодиандық келісімшартқа қол қойылды.

Келісімшарт аясында Сбербанк бағалы қағаздардың номиналды ұстаушысы рөлін атқарады және брокерлік компанияның басқаруындағы клиенттердің активтерін есепке алу және сақтау бойынша міндеттемелерді орындайды.

Салымшылардың зейнетақы активтері борыштық бағалы қағаздарға жататын, оның ішінде қорлар биржасында (ETIF) саудаланатын өтімді қаржы құралдарына инвестициялануы мүмкін. Бұдан бөлек, акциялар, облигациялар, Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттары, Қазақстанның орта мерзімді тәуелсіз облигациялары, сондай-ақ бағалы металдар инвестициялау құралы бола алады.

"Jysan Invest кастодиан банкті таңдау кезінде - банктің жоғары кредиттік рейтингіне, дамыған инфрақұрылымына, команданың сенімділігі мен кәсіби тәжірибесіне негізделді. Клиенттердің активтері дәл сондай жерде сақталатын болады", - деп атап өтті Jysan Invest.

Сбербанк өз кезегінде, банкте тұрақты инфрақұрылым құрылғанын және азаматтардың активтерінің толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үлкен сараптама жинақталып, жасалғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, жинақтарды сақтау және көбейту мақсатында қазақстандықтарға өз зейнетақы қаражатын инвестициялау мүмкіндігі ұсынылды. Зейнетақы жинақтарын басқарушы инвестициялық компанияға беру үшін салымшы БЖЗҚ-ға өтініш білдіруі керек.

Поделиться


Алматы