Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

  • Пресс-служба
  • Жаналык
  • Moody's рейтингтік агенттігі Сбербанк Қазақстан рейтингтерін көтерді Банк рейтинг бойынша «Оң болжам» көрсетті

Moody's рейтингтік агенттігі Сбербанк Қазақстан рейтингтерін көтерді Банк рейтинг бойынша «Оң болжам» көрсетті

Moody's халықаралық рейтингтік агенттігі «Сбербанк» АҚ ЕБ-ның негізгі несие қабілеттілігін (BCA) B2-ден B1 деңгейіне дейін көтерді. Ұлттық және шетел валютасындағы банктік депозиттердің ұзақ мерзімді рейтингі және контрагенттің тәуекелдерін ұзақ мерзімді бағалау Ba1 деңгейінде расталды. Халықаралық өлшемге сай депозиттердің ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтері бойынша болжам және эмитенттің жалпы болжамы «Тұрақтыдан» «Оң болжамға» өзгертілді.

Moody's аналитиктері берген баға бойынша банктің рейтингісінің көтерілуі Сбербанктің жоғары қаржылық көрсеткіштерінің 2020 жылғы қолайсыз операциялық кезеңге қарамастан, өз деңгейін сақтап қалғанын куәландырады. 2020 жылы және 2021 жылдың алғашқы тоқсанында банктің активтерінің сапасы әрі оның капиталдық айқындамасы нығайды, сонымен қатар түсетін пайда артты, өтінімділік буфері тұрақты болып қалды.

Сбербанк Қазақстан капиталының жеткіліктілігі соңғы екі жылда айтарлықтай өсті.

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Сбербанк» АҚ ЕБ Қазақстандағы ЕДБ арасында активтердің көлемі бойынша екінші орында тұр. Банктің активтері алғашқы жарты жылдықта 3,8 трлн. теңгеден астам соманы құрады. ROE көрсеткіші – 41,1%.

«Пандемияның кері әсеріне және бүкіл әлем тап болған оның экономикалық салдарына қарамастан, «Сбербанк» АҚ ЕБ тұрақтылықты және сектордағы көшбасшылық позициясын сақтап қалды. Moody's халықаралық агенттігінің рейтингті өзгертуі Сбербанктің сенімді банк екенін, таңдалған стратегияның тиімділігін растайды. Банк қазіргі таңда сандық түрлену кезеңін басынан кешіп жатыр, ол да өзінің алғашқы жемісін беруде. Біз бұдан әрі де осы бағытта бастаған ісімізді жалғастыра береміз. Клиенттеріміз бен серіктестерімізге бізге артқан сенімдері үшін алғыс білдіреміз», - деді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Елдар Теңізбаев.

Поделиться


Алматы