Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк ҚР және РФ үкімет басшыларына жаңа қызмет түрлерін ұсынды

Жақында Қазақстанға РФ Премьер-министрі Михаил Мишустин бастаған, сондай-ақ құрамында «Сбербанк» ЖАҚ Президенті, Басқарма Төрағасы Герман Греф бар Ресей елінің делегациясы жұмыс сапарымен келді.  

Аталған жұмыс сапарының аясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, ҚР Премьер-министрі Асқар Маминмен, сондай-ақ ҚР бизнесмендерімен кездесулер өткізілді.

Тараптар сауда-экономика, өндірістік кооперация, көлік тасымалы, энергетика және басқа да салалардағы ынтымақтастықты ары қарай да нығайту мәселелерін талқылады. Еуразиялық экономикалық одақтастық форматында өзара қарым-қатынас орнату, сонымен бірге COVID 19 індетімен бірлесіп күресу мәселелері қарастырылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ресейлік қатысуы бар 7791 кәсіпорын және 3325 бірлескен қазақстандық-ресейлік кәсіпорындар өз қызметін жүзеге асыруда. Ресейлік компаниялар Қазақстан экономикасына қосқан үлесі бойынша негізгі инвесторлардың бестігіне енеді. Ресейлік компаниялардың инвестициялық портфелі барлық салада дерлік ұсынылған.

Өндірістік кооперация, сауда, құрылыс, фармацевтика, мұнай-химия және жеңіл өнеркәсіп салаларында жалпы сомасы 5,3 млрд долларға жоспарланып отырған іске асырылатын және жұмыс барысындағы бірлесіп жасалатын 30 ірі жоба бар. 

Сбербанк кездесу аясында жаңа сервистермен және жаңа қызмет түрлерімен таныстырды. Атап айтқанда, кәсіпкерлерге арналған СберБизнес сервисі, оны пайдаланушылар ЖК және ЖШС үшін шоттарды онлайн аша алады және ол бойынша онлайн-онбординг, ЖК үшін E2E онлайн несиелеу, сонымен қатар бизнеске арналған бірқатар басқа да қажетті және пайдалы қызметтерді алуға болады.

Сондай-ақ Sberbank KZ жаңа мобильді қосымшасындағы мемлекеттік сервиспен біріктірілген Ashyq қызметі таныстырылды.

Жоғарыда аталған кездесулерден кейін Герман Греф «Сбербанк» АҚ ЕБ ұжымымен жолықты, кездесу барысында оған Банктің негізгі жетістіктері айтылып, 2021 жылдың алғашқы жарты жылдығы бойынша қаржылық қорытындылар ұсынылды. Нәтижесінде Герман Греф Банктің жоғары көрсеткіштерін әрі қарқынды даму серпінін ерекше атап өтті.

Поделиться


Алматы