Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк Қазақстан бөлімшелерінің ҚР Конституциясы күніндегі жұмыс кестесі

Құрметті клиенттер,

«Сбербанк» АҚ ЕБ сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы Күні мерекесімен құттықтайды!

Сіздерге «Сбербанк» АҚ ЕБ бөлімшелерінің 2021 жылғы 28 тамыздан бастап 30 тамызды қоса алғанға дейінгі мерекелік және демалыс күндердегі жұмыс тәртібі жөнінде хабарлаймыз.

2021 жылғы 28, 29 және 30 тамыз күндері клиенттерге операциялық-кассалық қызмет көрсету бекітілген жеке жұмыс кестесіне сай көрсетіледі, жұмыс кестесімен осы жерде таныса аласыздар.

Мерекеден кейін алғашқы жұмыс күні – сейсенбі, 2021 жылғы 31 тамыз.

Сондай-ақ Сбербанктің онлайн-каналдарының кез келген күні және кез келген уақытта сіздер үшін қолжетімді болатынын естеріңізге саламыз, банк қызметтерін үйден немесе кеңседен шықпай-ақ ала аласыздар.

Sberbank KZ қосымшасында төмендегі қызметтер көрсетіледі:

  • Карталарды, соның ішінде цифрлық карталарды ашу және жабу;
  • Карталар және шоттар бойынша үзінді көшірмелер мен анықтамалар;
  • Елшілікке арналған анықтамалар;
  • Валютада жасалатын аударымдар үшін деректемелер;
  • Картадан Сбербанктің немесе кез келген басқа банктің картасына аударым жасау;
  • РФ Сбербанкке аударым жасау;
  • Жеке тұлғаның шотына аударым жасау;
  • Заңды тұлғаның шотына аударым жасау;
  • Халықаралық аударымдар;
  • Салымдарды ашу, толықтыру, ішінара алу және жабу;
  • Айырбастау операциялары;
  • Кредитті ішінара өтеу (толық мерзімінен бұрын өтеу);
  • Пин-код орнату және ауыстыру;
  • Картасыз қолма-қол ақша шешу;
  • Онбординг клиент атану;
  • ЭЦҚ шығару;
  • Валюта бағамдарын көрсету.

Сондай-ақ төлемдердің 5000 түрі бар, соның ішінде коммуналдық, мектеп, балабақша ақысын, айыппұлдар мен салықтарды және тағы да басқа қызмет ақыларын төлеуге болады.

 

Құрметпен,

«Сбербанк» АҚ ЕБ

 

 

Поделиться


Алматы