Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк Visa-мен бірлесіп жазылымдарды басқару сервисін іске қосты

Сбербанктің барлық клиенттері үшін, Қазақстандағы Visa карталарын ұстаушылар үшін бұрын-соңды ТМД мен Оңтүстік-Шығыс Еуропада болмаған Visa Stop Payment Service (VSPS) сервисі арқылы жазылымдарды басқару қызметі қолжетімді болды. Банк пайдаланушыларға онлайн-кинотеатрлар, ән-күй, электрондық ойындар дүкендері (тағы да басқалары) сияқты әртүрлі интернет-ресурстарға жасалған барлық жазылымдарды басқарып отыру мүмкіндігін береді. Қызметті банктің мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.

Ұялы телефон заманауи адамның ажырамас бір бөлшегіне айналды. Оның көмегімен түрлі қызметтерге және ақылы қосымшаларға жазыламыз, кейде осы жазылымдардың көбісі есімізден шығып та кетеді. Көбінесе жаңа сервистер өнімді тестіден өткізу үшін бір апта бойы тегін пайдалануға беріледі, аталған мерзім аяқталғаннан кейін қызмет ақысы ай сайын автоматты түрде алынады. Алайда осы тестілеу кезеңінің қашан аяқталатынын барлығы бірдей естерінде сақтай ма? Тек көбейіп кеткен төлемдер телефонды тексеруге және қажеті жоқ ақылы жазылымдарды өшіріп тастауға мәжбүрлейді.

Бұрын белгілі бір қызметтен бас тарту үшін әр сервиске кіріп, жазылымнан шығу жолдарын іздейтінбіз, кей жағдайда төлемдерді тоқтату жөнінде ақпарат алу үшін операторға қоңырау шалатын едік, оған біраз уақыт жұмсалатын, ал қазір банктің клиенттерінде Sberbank KZ қосымшасы бойынша бірыңғай қолжетімділік бар. Жаңа сервистің көмегімен бірнеше минуттың ішінде сізді ендігәрі қызықтырмайтын барлық өнімдерден бас тарта аласыз.

Visa Stop Payment Service

Visa әзірлеген Visa Stop Payment Service сервисі карталарды ұстаушыларға өздерінің банктері арқылы шоттарынан ақша алынудың алдын алуға мүмкіндік береді. Мысалға, картаны ұстаушының қызметтен бас тартқысы келетініне қарамастан, тұрақты онлайн-жазылымдар немесе мүшелік жарналар алына береді. Мұндай қызмет түрі алғаш рет 2020 жылдың тамыз айында Еуропада іске қосылды және көп сұранысқа ие болды.

Жазылымға қатысты мынаны естеріңізге саламыз: клиент жеке төлем картасынан ақшаны тұрақты, мерзімді түрде алып отыруға келісімін білдіреді. Мысалы, сіз музыкалық сервиске жазылымды сатып аласыз. Оның шарттары бойынша оны күн сайын немесе айына бір рет пайдаланған-пайдаланбағаныңызға қарамастан, айына 1000 теңге төлеуге келісіміңізді бересіз. Жазылымды ресімдегеннен кейін сіздің төлем картаңыздың деректері банк-эквайердің, яғни, сіз бен қызмет берушінің арасындағы делдалға өтеді. Жазылымның бір айы аяқталғаннан кейін қосымшаны келесі кезеңде пайдалану үшін кезекті 1000 теңгені төлеуіңіз қажет. Бірақ сіз мұны қаламайсыз. Сервистен бас тартқыңыз келеді, алайда бір себептермен мұны уақытында жасай алмайсыз. Немесе сіз оны қалай жүзеге асыру керек екенін білмейсіз, не болмаса қызметті бір рет те болмасын қолданып көрмедіңіз, сондықтан ол туралы ұмытып кеттіңіз. Сол уақытта сіз жазылған сервис сіздің бастапқыда берген келісіміңіздің негізінде эквайерге өтінім жолдайды. Егер сол сәтте сіздің картаңызда қаражат болса, ақша автоматты түрде алынады, жазылымыңыздың мерзімі ұзартылады.

Сервис қалай жұмыс істейді?

Жазылымдарды басқару қызметін пайдалану үшін Sberbank KZ мобильді қосымшасына кіріп, картаның баптауына өтіп, «Жазылымды басқару» тармағын таңдау қажет. Жазылымдарды қарау ақысы расталғаннан кейін пайдаланушыға операцияны растауға арналған бір реттік код келеді. Содан кейін қосымшада «Менің жазылымдарым» деген парақша ашылады, ол жерде бір тізімде аталған картаға тіркелген барлық ресімделген жазылымдар көрсетілген және клиент қалауына қарай өзіне қажет емес қызметтен бас тарта алады. Барлық жазылымдарды қарау құны 200 теңгені құрайды, егер пайдаланушы танысып шығу үшін тізімді қайта жаңартқысы келсе, жоғарыда көрсетілген ақыны төлеуі тиіс. Бұл ретте жазылымдар тегін бұғатталады.

Елдар Теңізбаев, «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы:

«Сбербанктің ұстанымдарының бірі: «Бәрі клиент үшін», сондықтан біз пайдаланушыларымыз үшін қашан да ең қажетті әрі пайдалы өнімдер мен қызметтерді ұсынуға тырысамыз. Енді Visa-мен бірлесіп осындай сервистердің бірін іске қостық. Ол тек ақшаңызды ғана емес, жақсы көңіл күйіңізді де сақтап қалады. Себебі қызметті пайдалану – оңай, ыңғайлы әрі түсінікті. Бұл қызметтің арқасында сіз картаңыздың қандай қызметке қосылғанынан үнемі хабардар болып отырасыз және қажеттілігі жоқ жазылымнан оп-оңай бас тарта аласыз. Клиенттеріміз лайықты баға беретініне сенімдіміз».

Кристина Дорош, вице-президент және Орта Азия мен Әзірбайжан елдеріндегі Visa аймақтық менеджері:

«digital-кезеңде цифрлық қызметтерді, жазылымдар мен автоматтық төлемдерді өте жиі қолданамыз. Бұл ыңғайлы әрі тұтынушылардың уақыты мен ресурстарын оңтайландыруға септігін тигізеді. Мұндай жазылымдар санының артып келе жатқанына байланысты пайдаланушылардың тарапынан уақыт пен ақша барынша аз жұмсалатын басқару сервисіне сұраныстың бар екенін байқадық. Бүгінгі таңда Visa «Сбербанк Қазақстан» АҚ-мен бірлесіп аймақтағы алғашқы Visa Stop Payment Service қызметін іске қосқанын қуана хабарлаймыз. Visa Stop Payment Service бойынша картаны ұстаушы өзіне ненің қажет екенін, қандай жазылымның ақысын төлеуге дайын екенін және жазылымның қолданылуын қашан тоқтатқысы келетінін өзі шешеді және мұны ұялы телефондағы банк қосымшасында бірнеше рет қана басу арқылы оңай әрі тез іске асыра алады».

Поделиться


Алматы