Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

  • Пресс-служба
  • Жаналык
  • Сбербанк Нұр-Сұлтан қаласындағы BINOM инновациялық мектептерінің құрылысына қолдау көрсетті

Сбербанк Нұр-Сұлтан қаласындағы BINOM инновациялық мектептерінің құрылысына қолдау көрсетті

Жаңа оқу жылының қарсаңында елордада жаңа форматтағы бірінші BINOM жалпы білім беретін мектебі ашылды.

BINOM School – Қазақстандағы жалпы білім беру саласына озық әдістемелер ендіру бойынша бірегей жоба. Инновациялық мектептер халықаралық стандарттардан кем түспейтін өзгеше техникалық жабдықталуымен және отандық білім беру үлгісінің, сондай-ақ Финляндия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея елдерінің озық білім беру жүйесінің негізінде ұйымдастырылған оқу үрдісімен ерекшеленеді. Мұндай білімді оқушылар тегін алады.

2021-2022 жылдары Нұр-Сұлтан қаласында тағы осындай 6 оқу мекемесін ашу жоспарланып отыр.

Жоба Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен, ҚР Білім министрлігімен және BI Group құрылыс компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылып, «Сбербанк» АҚ ЕБ қаржылық қолдауымен мемлекеттік-жеке серіктестік аясында іске асырылады.

«Сбербанк жаңа форматтағы жалпы білім беретін мектептердің бой көтеруіне өз үлесін қосқанына қуанышты. Бұл жоба мемлекеттік-жеке серіктестік қарым-қатынастың тиімді екенін көрсетті және біз бұл бағытта жұмыс істеуді жалғастыруға дайынбыз. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жуырдағы халыққа Жолдауында жеке секторды да тарту есебінен жаңа мектептер салу негізгі мәселелердің бірі деп атап өтті», - деді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Елдар Теңізбаев.

Әр мектептің сыйымдылығы жоғары болады деп жобалануда – бір ауысымда 2 000 оқушы, бұл орын жетіспеушілік мәселесін шешеді. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында атап өткендей, бүгінгі таңда мектептерде 225 000 орын жеткіліксіз. BINOM мектептеріне 2 ауысымдық кесте бойынша 24 000 оқушыны орналастыру жоспарлануда.

«Өкінішке орай, қазіргі уақытта Қазақстандағы балалардың білім деңгейі, әсіресе, аймақтарда бүгінгі күн талаптарына сәйкес келмейді. Бұл құбылыстың тіпті «шаршаған» білім деген атауы да бар. Сондықтан BINOM озық инновациялық мектептерінің құрылысы – заман талабы. Жалпы білім беретін объектілердің жаңа форматы еліміздегі барлық білім беру мекемелері үшін тренд болатынына және Қазақстан бойынша мектеп оқушылары орындарының жетіспеушілігін жоюға өз септігін тигізетініне сенімдіміз», - деп айтты BI Group холдингінің Басқарма Төрағасы Амангелді Омаров.

Жаңа мектептің бір ерекшелігі – ғимараттың көлемі өте ауқымды: бес қабатты ғимараттың көлемі 20 мыңнан астам шаршы метрді құрайды, ол жерде сапалы білім беруге арналған барлық қажетті құрал-жабдықтар, соның ішінде балалардың шығармашылық дағдыларын дамытуға арналған озық білім беру құрылғылары, физика, химия және биология бойынша толығымен жабдықталған зертханалар, ән-күй залы және кинотеатр бар. BINOM School мектебіндегі құрал-жабдықтармен қамтылу деңгейі әдеттегі мектептерге қарағанда 5 есе жоғары.

Жаңа оқу орындарынан бөлек, мектептердің құрылысы 1 мекемеге 350 жұмыс орны есебінен 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Тағы бір маңызды тұсы – мектепте оқушылардың қауіпсіздігі қатаң бақыланады және балалардың денсаулықтарына жіті назар аударылады, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалар үшін білім алуға барлық жағдай жасалған.

Мектептің ашылу салтанатында ҚР Премьер-министрі былай деді: «Бизнеспен бірге іске асырылатын озық білім беру мекемелерін ашу жобалары орта білім беруге қатысты жаңа стандарттар жасақтауға үлгі болады».

Сбербанк МЖЖ жобаларына бұдан ары қарай да қатысуға ниетті.

Поделиться


Алматы