Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк мектепке дайындық барысында шамамен 700 оқушыға көмек көрсетті

«Сбербанк» АҚ ЕБ жаңа оқу жылының қарсаңында көпбалалы және күнкөріс деңгейі төмен отбасыларынан шыққан балаларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетті. «Алақай, мен мектепке барамын!» атты жыл сайын өткізілетін қайырымдылық акциясына банктің барлық филиалы қатысты.  

Банк аталған іс-шараның аясында 20-дан астам мектептің, сондай-ақ Петропавл қаласындағы үш балалар үйінің оқушыларына мектеп құрал-жабдықтарын сатып алуға қаржылай қолдау көрсетті, 180-нен астам мектеп оқушысы көмекке ие болды. Қостанай қаласындағы жеті мектептің оқушыларына оқу керек-жарақтары салынған 30-дан астам рюкзак сыйға берілді, шамамен 20 000 теңгеге қосымша кеңсе тауарлары сатып алынды. Ақтөбеде 40-қа жуық мектептің және «Ақбөбек» оңалту орталығының бірінші сынып оқушыларына 1 200 000 теңге сомасына 170-тен астам рюкзак жинастырылып, табыс етілді. Қарағанды қаласындағы "№13 қосымша білім беретін мектеп-орталығы" КММ мен «Үміт» мүгедектердің ерікті қоғамының тәрбиеленушілері кеңсе тауарлары салынған 30 рюкзак алды. «Сбербанк» АҚ ЕБ-ның Қызылордадағы филиалы Абай атындағы №2 «Мұрагер» мектеп-лицейінің және Әлия Молдағұлова атындағы №173 мектептің оқушыларына көмек көрсетті. Ақтауда банк филиалының қызметкерлері әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан балаларға кеңсе тауарлары мен тәттілер салынған 20-ға жуық рюкзак тарту етті. Тараз қаласындағы балалар да назардан тыс қалмады. «Қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға қолдау көрсету орталығы» КММ мекемесіндегі мүмкіндігі шектеулі балалар мен «№4 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ тәрбиеленушілері сурет салуға қажетті құрал-жабдықтар алды.

Орал қаласында да бірқатар қайырымдылық шаралары өткізілді. Білім беру мекемелеріне оқу құралдары сатып алынды. Сонымен қатар жетім балаларға және күнкөрісі төмен отбасынан шыққан балаларға жаңа спорттық формалар мен киімдер табыс етілді. Көздері нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатында жеміс-жидек ағаштары отырғызылды. ДЦП диагнозы бар балалар үшін жаттығу залы жабдықталды, енді ол жерде жылжымалы швед қабырғасы, спорт жабдықтары және арнайы жаттығу құралдары бар.

Сондай-ақ «Сбербанк» АҚ ЕБ «Алақай, мен мектепке барамын!» акциясының аясында ерекше балалар өсіріп отырған отбасыларының өмір сүру сапасын жақсартумен айналысатын «Бақытты Шаңырақ» қоғамдық қорының 70 тәрбиеленушісіне қолдау көрсетті. Сонымен бірге ҚР ҚМ «27943 әскери бөлімі» Бас басқармасына да көмек көрсетілді, әскери отбасынан шыққан 70 бала кеңсе тауарларына ие болды.

«Сбербанк» АҚ ЕБ үшін аталған қайырымдылық акциясын өткізу игі дәстүрге айналды, біз алдағы уақытта да бұл шараны жалғастырамыз, себебі білімге қосқан үлес – болашаққа салынған инвестиция. 

 

Поделиться


Алматы