Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

  • Пресс-служба
  • Жаналык
  • Mastercard® және OneTwoTrip-пен бірге «Мальдив аралдарына Бір-Екі-Үш қадам!» маркетингтік акциясының талаптары

Mastercard® және OneTwoTrip-пен бірге «Мальдив аралдарына Бір-Екі-Үш қадам!» маркетингтік акциясының талаптары

Банк клиенттері, «Сбербанк» АҚ ЕБ шығарған Mastercard® OneTwoTrip төлем карталарының ағымдағы және әлеуетті ұстаушыларына арналған маркетингтік акцияны өткізу талаптары

 

«Мальдив аралдарына Бір-Екі-Үш қадам!» маркетингтік акциясы (бұдан әрі - Акция) Клиенттерге –Сбербанктің Mastercard® OneTwoTrip төлем карталарының ағымдағы және әлеуетті ұстаушыларына арналған.


1. Терминдер мен анықтамалар.

1.1. Акция — «Мальдив аралдарына Бір-Екі-Үш қадам!» атты маркетингтік акция.
1.2. Акция ұйымдастырушысы – «Сбербанк России» Акционерлік қоғамының Еншілес Банкі (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 03.02.2020 ж. №1.2.199/93/31 Лицензия) – әрі қарай Банк.
1.3. Акция операторы – «Progression CA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Прогрэшен Си Эй) (мекенжайы: 050044, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сызғанов к-сі, 1) әрі қарай – «Сбербанк» АҚ ЕБ Клиенттері үшін Mastercard Europe SA тапсырысы бойынша «Акция операторы».
1.4. Клиент – «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің Mastercard® OneTwoTrip картасының ағымдағы немесе әлеуетті иесі.
1.5. Акцияға қатысушылар – «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің Mastercard® OneTwoTrip картасын ашқан немесе иеленетін және Акцияны өткізу кезеңінде «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің Mastercard® OneTwoTrip картасымен POS терминалдарда, интернет-төлемдерде және Sberbank KZ мобильді қосымшасында 3 000 теңгеден кем емес сомаға тауар немесе қызмет үшін бір жолғы төлем жасаған тұлғалар;  
Клиент Акцияның барлық кезеңінде 1 Welcome-жүлденің, 1 Апта сайынғы жүлденің және 1 Бас жүлденің жеңімпазы бола алады.    
Акцияға қатысушының Банк алдында мерзімі өткен берешегі болмауы керек;
Ұтыс ойыны кезінде Акцияға қатысушының жасы толық 18-де және одан үлкен болуы керек. 
1.6. Акцияны өткізу кезеңі – 14.09.2021ж. бастап 11.10.2021ж. дейін.
1.7. Жеңімпаз – осы Акцияда көрсетілген тәртіпте жеңімпаз болып танылған Акцияға қатысушы;
1.8. Резервтегі жеңімпаз - Акцияның екінші және үшінші жеңімпазы атану үшін талаптарды жеткілікті түрде толық орындаған Акция қатысушысы;
1.9. Жүлде – осы Акцияға сәйкес Акция Жеңімпазына табысталатын сыйлық.
1.10. МжКБ – «Сбербанк» АҚ ЕБ Маркетинг және коммуникациялар басқармасы.

2. Акцияға қатысу талаптары.

2.1. Акцияға «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің Mastercard® OneTwoTrip картасын ашқан немесе иеленетін және Акцияны өткізу кезеңінде тауарды немесе қызметті «Сбербанк» АҚ ЕБ шығарған Mastercard® OneTwoTrip картасымен POS терминалдар арқылы және/немесе интернет-төлем арқылы және/немесе Sberbank KZ мобильді қосымшасында төлеген Банк Клиенттері қатысады;

2.2. Акцияға 18 жасқа толған, Банк алдында берешегі жоқ жеке тұлғалар, резиденттер мен бейрезиденттер қатысады. 

2.3. Акцияға қатыса алмайтын тұлғалар: Банк қызметкерлері және Банктің үлестес тұлғалары, Банк алдында берешегі бар тұлғалар, сондай-ақ Акцияға қатысу кезінде 18 жасқа толмаған тұлғалар.

  1. Welcome-Жүлдесінің иесі атану үшін OneTwoTrip картасын ашып, кем дегенде 1 операция жасау керек. Міндетті емес шарт – картаны https://sberbank.onetwotrip.com сервисіне тіркеу.Қатысушы Апта сайынғы жүлделердің бірін алуға үміткер болу үшін Акция кезеңі аясында бір Акциялық апта ішінде 3000 теңгеден басталатын сомаға кемінде екі операцияны жүзеге асыруы тиіс.
  2. Қатысушы екі сәтті операция жасаған жағдайда, ол операциялар жасалған апта ішінде апта сайынғы жүлдені ұтып алуға 1 мүмкіндік алады. Аптасына барынша көп мүмкіндік саны – операциялар санына қарамастан 1.
  3. Қатысушы Бас жүлделердің бірін алуға үміткер болу үшін Акция кезеңі аясында бір Акциялық апта ішінде 3000 теңгеден басталатын сомаға кемінде екі операцияны жүзеге асыруы тиіс.
  4. Қатысушы Акциялық аптаның бірінде (барлығы 4 апта) екі сәтті операция жасаған жағдайда, ол Бас жүлделердің бірін ұтып алуға 1 мүмкіндік алады.
  5. Қатысушы әр Акциялық аптада (барлығы 4 апта) екі сәтті операция жасаған жағдайда, ол әр апта сайын Бас жүлделердің бірін ұтып алуға 1 мүмкіндік алады. Бас жүлделерді ұтып алу мүмкіндіктерінің ең көп саны - 4 мүмкіндік.

2.5. Акцияны өткізу кезеңі: 14.09.2021 ж. бастап 11.10.2021ж. дейін

2.6. Апта сайынғы ұтыс ойындары келесі күндерде аптасына 1 рет өтеді: 22.09.2021, 29.09.2021, 06.10.2021, 13.10.2021.

2.7. Бас жүлделердің ұтыс ойыны – 15.10.2021 ж.

2.8. Ұтыс ойындары Банкке байланысты емес себептер бойынша басқа күндерге ауыстырылуы мүмкін.

2.9. Банктің жауапты қызметкері ұтыс ойыны басталардан 1 күн бұрын осы ұтыс ойынына қатысуға құқығы бар қатысушылардың тізімін қалыптастырады.


3. Акцияның жүлде қоры.

3.1. Акция шеңберінде жүлделер ретінде келесі жүлделер беріледі:

Бірден берілетін жүлделер

Апта сайынғы жүлделер

Бас жүлделер

3 000 welcome-трипоикондар

100 000 трипкоиндар

Мальдив аралдарына саяхаттау сертификаты, 2 500 000 теңге сомасына

1 000 дана

12 дана (аптасына 3)

2 дана

 

3.2. Жүлделер айырбасталмайды және қайтарылмайды. Жүлдені ақшалай баламасымен және (-немесе) өзге затпен беруге жол берілмейді.

3.3. Акцияның жүлде қоры Акция операторының ақшасы мен мүлкі есебінен қалыптастырылады.

3.4. Акцияны өткізу барысында Акция жеңімпаздары алатын жүлделерге салық төлеуді Акция операторы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.


4. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі.

4.1. Жеңімпаздарды анықтау «Сбербанк» АҚ ЕБ Маркетинг және коммуникациялар басқармасының (бұдан әрі – МжКБ) жауапты қызметкерлерінен тұратын комиссияның қатысуымен, https://lizaonair.com/ кездейсоқ сандар генераторы веб-сайтында Жеңімпазды кездейсоқ таңдау арқылы жүзеге асырылады. Жеңімпаздарды анықтау үшін 2-т. көрсетілген Акцияға қатысу талаптарын орындаған барлық Акция қатысушыларының жеке сәйкестендіру нөмірлері (соңғы 4 цифр) пайдаланылады. Жеңімпаздарды анықтау Банктің Instagram (@sberbank_kz), Facebook (@Сбербанк Қазақстан) әлеуметтік желілерінің парақшаларында тікелей эфирде, барлық әрекеттерді бейнежазбалау арқылы жүргізілетін болады.     

4.2.  Апта сайынғы ұтыс ойындарының қорытындысы бойынша 1 (бір) негізгі Жеңімпаз және әрбір Апта сайынғы жүлде үшін резервтегі 1 (бір) жеңімпаз және әрбір Бас жүлде үшін 1 (бір) жеңімпаз және резервтегі 1 (бір) жеңімпаз таңдалады.

4.3. Егер Банк (банктің жауапты қызметкері) осы ережелерде көрсетілген мерзімде Банкке байланысты емес себептер бойынша негізгі Жеңімпазбен хабарласа алмаған жағдайда, Банк (банктің жауапты қызметкері) Жеңімпаздардың тізіміне сәйкес 1 (бір) жұмыс күні ішінде банк жүйелерінде көрсетілген нөмір бойынша резервтегі Жеңімпазбен байланысады және Жүлдені алу құқығы резервтегі Жеңімпазға өтеді.

4.4. Жеңімпаздар туралы ақпарат Instagram-дағы @sberbank_kz ресми парақшада тікелей эфир өткізу және оны IGTV-де сақтау арқылы жарияланады. Ақпаратты жариялау және Жеңімпазға Жүлдені табыстау үшін Банктің жауапты менеджері Акция Жеңімпазынан ол толтырған және қол қойған осы Талаптарға №1 Қосымшаға сәйкес банктік құпия мен Клиенттің дербес деректері туралы ақпаратты ашуға өтініш-келісімін алуы тиіс.


5. Жүлдені табыстау тәртібі

5.1. Жеңімпаз анықталған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде Банк (МжКБ жауапты қызметкері) Жеңімпазға оның Жүлдені алу құқығы және тиісті Жүлдені табыстау орны туралы хабарлайды. Жүлдені алу үшін Жеңімпаз Жеңімпаздың жеке басын куәландыратын құжатты, сенімді тұлға – осы Ережелердің №1 Қосымшасына сәйкес Жеңімпаздан жүлде алуға және банктік құпия мен Клиенттің (жеңімпаздың) дербес деректері туралы ақпаратты ашуға келісім-өтінішке қол қоюға сенімхат ұсынуы тиіс.

5.2. Жеңімпаз Банкпен байланысты емес кез-келген себептермен, соның ішінде Жеңімпаздың жеке сәйкестендіру нөмірі, байланыс мекенжайы, аты және/немесе тегі, телефон нөмірі немесе өзге деректемелері Клиент картасында дұрыс көрсетілмеген немесе өзгертілген жағдайда Жүлдені ала алмағаны үшін Банк жауапты болмайды. Бұл ретте мұндай Жеңімпаздардың Банктен қандай да бір өтемақы алуға құқығы жоқ.

5.3. Жеңімпаздың Банктік құпия мен Клиенттің дербес деректері туралы ақпаратты ашуға өтініш-келісімге қол қоюдан, Жүлденің Жеңімпазға/ Жүлдені алушыға табысталғанын растайтын құжатқа қол қоюдан баст тартуы, Жеңімпаздың жеке басын куәландырушы құжатты/ Жүлдені алушының сенімхатты ұсынбауы Банкпен Жеңімпаздың жүлдеден бас тартуы ретінде қарастырылатын болады. Бұл үшін Банк жауапты болмайды.

5.4. Жүлдеге меншік құқығы оны алған сәтте Жеңімпазға өтеді. Сол сәттен бастап Банк Жүлдені жоғалту, оны иелену және басқарумен байланысты туындайтын қауіп үшін жауапты болмайды.

5.5. Жүлденің Жеңімпазға/Жүлдені алушыға тапсырылуы Банктің жауапты қызметкерінің және Жеңімпаздың/Жүлдені алушының тиісті құжатқа (акт) қол қоюы арқылы расталады.

5.6 Welcome-Жүлделерді Науқан кезеңінде карта ашқан және кемінде 1 операция жасаған Банк Клиенттері ала алады. Картаны https://sberbank.onetwotrip.com сервисіне тіркеу – міндетті шарт емес. Welcome-Жүлделер саны шектеулі – барлығы 1000 (бір мың) дана.

5.7. Жеңімпаз ұтқаны туралы хабар алғаннан кейін Welcome-Жүлделер мен Апта сайынғы жүлделерді аудару OneTwoTrip сервисі арқылы 1 (бір) аптаның ішінде аударылады. Трипкоиндердің теңгерімін сайттағы жеке кабинеттен немесе OneTwoTrip ұялы қолданбасынан тексеруге болады.

5.8. Жүлделердің бәрі Жеңімпаздарға 16.11.2021 ж. дейін аударылуы және берілуі тиіс.


6. Өзге талаптар.

6.1. Акция туралы қосымша ақпаратты https://www.sberbank-ott.kz/ru/ сайтынан алуға болады.

6.2. Банк осы Акция талаптарына өзгертулер енгізуге құқылы. Осы Акция өзгерген жағдайда, Банк бұл туралы осы Акцияның жаңа редакциясы күшіне енгенге дейін кемінде 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын Банктің https://www.sberbank.kz/ru/individuals сайтында, сондай-ақ https://www.sberbank-ott.kz/ru/ сайтында осы Акцияның жаңа редакциясын орналастыру арқылы хабарлайды. Сонымен қатар Банк Клиенттердің осы Акцияның өзгеруі туралы Клиенттерге маркетингтік және/немесе ақпараттық материалдарды ұсыну жолымен хабарландыруға құқылы.

6.3. Клиент осы Акцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенін өздігінен бақылауға міндеттенеді. Клиенттің осы Акцияның жаңа редакциясы күшіне енгеннен кейін төлем картасын және/немесе осы Акцияны пайдалану бойынша іс-әрекет жасауы Клиенттің осы Акцияның жаңа редакциясымен келіскендігінің растамасы болып табылады.

6.4. Егер Клиент осы Акцияның талаптарын сақтамаса және/немесе алаяқтық әрекеттер жасаса және/немесе Клиентке осы Акция аясында берілетін қандай да бір артықшылықтарын және/немесе сыйларды асыра пайдаланса және/немесе жаңылыстыратын ақпаратты берсе, Банк МжКБ жауапты қызметкер(лер)інің шешімі негізінде ескертусіз кез келген Клиентті осы Акцияға қатысушылар қатарынан шығарып тастауға құқылы.

6.5. Егер Клиент жүлдені ала алмайтындығын растамай (ауру, қаладан шығу және т.б.), 14 күнтізбелік күн ішінде оны алмаса – Жүлде автоматты түрде Банктің меншігіне айналады.

6.6. Ұтыс ойындарын өткізу және жүлделерді табыстау Хаттамаға сәйкес «Сбербанк» АҚ ЕБ МжКБ комиссиясының қатысуымен ұйымдастырылуы тиіс.

Поделиться


Алматы