Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

«15 жыл бірге» – Visa премиум карталарының иелеріне арналған акция

Сбербанк VISA-мен бірге Сбербанк Премьер клиенттері үшін акция өткізеді.

Акция Қазақстан Сбербанкінің 15 жылдығына орай өткізіледі. Қазан айы бойы «Сбербанк Премьер/Сбербанк Премьер Престиж/Сбербанк Премьер Престиж+» қызметтер пакеті шеңберінде жалпы сомасы 500 000 теңгеден астам сомаға картамен төлем жасаған клиенттер автоматты түрде жүлделер ұтысына қатыса алады.

Ұтыс ойыны 2021 жылдың 10 қарашасында Сбербанктің ресми парақшасында өтеді. Жеңімпаз кездейсоқ сандар генераторының көмегімен таңдалады.

Акция аясында портативті зарядтау құрылғысы бар Hugo Boss смарт папкаларын алатын 60 жеңімпаз таңдалады.

Акцияны өткізу кезеңі 01.10.2021 ж. бастап 31.10.2021 ж. дейін.

Естеріңізге сала кетейік, «Сбербанк Премьер» - бұл әр клиентке жеке тәсілдемеге бағытталған премуиум банк сервисі. Картаны пайдаланушы туындаған мәселені шешу үшін әрқашан банк кеңселеріндегі мамандандырылған аймақтарды пайдалана алады, жеке қаржы менеджерінің көмегі мен консультациясына жүгіне алады. Сонымен қатар, премиум картаның клиенттері кең жеңілдіктер жүйесіне, банктік өнімдердің кең желісіне және Байланыс орталығындағы жеке желі түрінде ерекше артықшылықтарға ие.

Банктің 180-жылдығына орай Сбербанк Премьер клиенттеріне арналған "15 жыл бірге" маркетингтік акциясын өткізу талаптары

Қазақстандағы Сбербанк АҚ ЕБ-нің 15 жылдығына орайластырылған Сбербанк АҚ ЕБ Қызметтер пакеттері шеңберінде шығарылған төлем карталарын ұстаушылар/Сбербанк Премьер арналарының клиенттеріне арналған «15 жыл бірге» маркетингтік акциясын өткізу талаптары

 

«15 жыл бірге» маркетингтік акциясы (бұдан әрі — Акция) - ұйымдастырушысы «Ресей Жинақ банкі» Еншілес Банкі Акционерлік қоғамы (№1.2.199/93/31 лицензия 03.02.2020 ж. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілген) болып табылатын «Сбербанк Премьер/Сбербанк Премьер Престиж/Сбербанк Премьер Престиж+» Қызметтер пакеті  шеңберінде шығарылған VISA Infinite, Signature төлем карталарын ұстаушы-клиенттерге арналған акция


1. Терминдер мен анықтамалар.

1.1. Банк - «Ресей Жинақ банкі» Акционерлік Қоғамы Еншілес Банкі.
1.2. Карта - «Сбербанк Премьер/Сбербанк Премьер Престиж/Сбербанк Премьер Престиж+» Қызметтер пакеті шеңберінде шығарылған VISA Infinite немесе VISA Signature төлем картасы.
1.3. Акцияға қатысушылар - Сбербанк Премьер арнасының клиенттері «Сбербанк Премьер/Сбербанк Премьер Престиж/Сбербанк Премьер Престиж+» Қызметтер Пакеттерінің иегерлері; 
1.4. Акция өткізілетін кезең - 01.10.2021 ж. бастап 31.10.2021 ж. дейін.
1.5. Банк Серіктесі –  Visa Халықаралық Төлем Жүйесі.
1.6. Жеңімпаз – осы Акцияда көрсетілген тәртіпте жеңімпаз болып танылған Акцияға қатысушы;
1.7. Жүлде - осы Акцияға сәйкес Акция Жеңімпазына табысталатын сыйлық;
1.8. Резервтегі жеңімпаз – Акцияның осы Акцияда көрсетілген екінші және үшінші жеңімпаз атануға жеткілікті талаптарын толық орындаған Акция қатысушысы.

 2. Акцияның жалпы ережелері.

 

2.1. Бұл Акция Клиенттердің Банк өнімдеріне бейілділігін, Клиенттердің Visa төлем карталарын пайдаланып, көбірек банктік операцияларды орындауғаа ынталарын арттыруға бағытталған.


3. Акцияға қатысу талаптары.

 

3.1. Бұл Акция Клиенттердің Банк өнімдеріне бейілділігін, Клиенттердің Visa Infinite немесе Visa Signature төлем картасын пайдаланып, көбірек банктік операцияларды орындауғаа ынталарын арттыруға бағытталған.

3.2.Акция жалпы сомасы 500 000 (бес жүз мың) теңгеден астам сомаға акция өткізу кезеңінде Банк шығарған Картамен тауарға немесе қызметке төлем жасаған Сбербанк Премьер арнасындағы Банктің премиалды клиенттері арасында өткізіледі;

3.3. Акцияға қатысушы клиенттер: жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының резиденттері).

3.4. Акцияға келесі тұлғалар қатыса алмайды:

- Банк қызметкерлері және Банктің үлестес жеке тұлғалары, сондай-ақ Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар;

- Акцияға қатысу сәтінде 18 жасқа толмаған тұлғалар;

- Банк алдында мерзімі кешіктірілген берешегі жоқ тұлғалар.

3.5. Акцияның әр Жеңімпазы тек бір Жүлде ала алады. Жеңімпазға Жүлдені тапсыру кезінде Банк жұмыскері Жеңімпаздан дербес деректерді және банк құпиясын ашуға, таратуға (жариялауға) келісім – өтініш алады (келісім-өтініштің нысаны осы Нұсқаулықтың №1 қосымшасында).

3.6. Акцияны өткізу кезеңі  01.10.2021 жылдан 31.10.2021 жылға дейін.

3.7. Ұтыс ойыны өткізілетін: 10.11.2021 ж.

3.8. Премиум банкинг басқармасының (бұдан әрі-ПББ) жауапты жұмыскері ұтыс ойыны басталардан 1 күн бұрын әрбір Қатысушыға жеке сәйкестендіру нөмірін бере отырып, осы Жүлделер ұтысына қатысуға құқығы бар Акцияға Қатысушылардың тізімін қалыптастырады.


4. Акцияның жүлде қоры:

 

4.1. Жүлде қорын Банк Серіктесі қамтамасыз етеді, Акция шеңберінде жүлделер ретінде келесі жүлделер беріледі:

 

Сипаттамасы

Саны, дана

1

HUGO BOSS  А5 форматындағы папка + портативтік қуаттау құрылғысы

60

 

4.2. Жүлделер айырбасталмайды және қайтарылмайды. Жүлдені ақшалай баламасымен және (-немесе) өзге затпен беруге жол берілмейді.


5. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі

 

5.1. Жеңімпаздарды анықтау ПББ, Маркетинг және коммуникациялар басқармасының (бұдан әрі - МжКБ) жауапты қызметкерлерінен тұратын комиссияның және нотариустың  қатысуымен, келесі кездейсоқ сандар генераторы веб-сайтында Жеңімпазды кездейсоқ таңдау арқылы жүзеге асырылады: www.random.org немесе lizaonair.com. Жеңімпаздарды анықтау үшін 3.4  т. көрсетілген Акцияға қатысу талаптарын орындаған барлық Акция қатысушыларының жеке сәйкестендіру нөмірлері (соңғы алты цифр) пайдаланылады. Жеңімпаздарды анықтау Банктің Әлеуметтік желілерінің парақшаларында тікелей эфирде, барлық әрекеттерді бейнежазбалау арқылы жүргізілетін болады. 

5.2. Акция қорытындысы бойынша негізгі Жеңімпазбен қатар, Банк Акцияның негізгі Жеңімпазы анықталған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде негізгі Жеңімпазға хабарласа/байланыса алмаған жағдайға арнап (Резервтік Жеңімпаздың телефон нөміріне үш рет хабарласады) 7 (жеті) Резервтік Жеңімпаз анықталады. Банктің Жеңімпазға телефон арқылы хабарласа алмау дерегін  Жеңімпазға қоңырау шалу кезінде МжКБ жауапты қызметкерлерінің қатысуымен ПББ жауапты қызметкерлері жасаған бейнежазба растайтын болады.

5.3. Жеңімпаздар туралы ақпарат Instagram ресми парақшасында @ sberbank_kz жарияланады. Ақпаратты жариялау және Жеңімпазға Жүлдені табыстау үшін Сбербанк Премьердің жауапты менеджері Акция Жеңімпазынан ол толтырған және қол қойған осы Талаптарға №1 Қосымшаға сәйкес банктік құпия мен клиенттің жеке деректері туралы ақпаратты таратуға (жариялауға), ашуға өтініш-келісімін алуы тиіс.


6. Жүлдені табыстау тәртібі

 

6.1. Жеңімпаз анықталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Банк (ПББ жауапты менеджері) Жеңімпазға оның Жүлдені алу құқығы және сәйкес Жүлдені табыстау орны туралы хабарлайды. Жүлдені алар кезде Жеңімпаз өзінің жеке куәлігін немесе егер ол сенім артылған тұлға болған жағдайда, Жүлдені алуға және осы Ережеге №1 Қосымшаға сәйкес банктік құпия мен клиенттің жеке деректері туралы ақпаратты таратуға (жариялауға), ашуға өтініш-келісімге қол қоюға сенімхатты ұсынуы тиіс.

6.2. Егер Банк (ПББ жауапты менеджері) белгіленген мерзімде осы Ережеде көрсетілген себептермен негізгі Жеңімпазбен хабарласа алмаған жағдайда, Банк (ПББ жауапты менеджері) ПББ және МжКБ жауапты қызметкерлерін хабардар ете отырып, 1 (бір) жұмыс күні ішінде Жеңімпаздар тізіміне сәйкес  резервтегі Жеңімпазбен хабарласады және Жүлдені алу құқығы резервтегі Жеңімпазға өтеді.

6.3. Жеңімпаз Банкпен байланысты емес кез-келген себептермен, соның ішінде Жеңімпаздың жеке сәйкестендіру нөмірі, байланыс мекенжайы, аты және/немесе тегі, телефон нөмірі немесе өзге деректемелері  Клиент картасында дұрыс көрсетілмеген немесе өзгертілген жағдайда Жүлдені ала алмағаны үшін Банк жауапты болмайды. Бұл ретте мұндай Жеңімпаздардың Банктен қандай да бір өтемақы алу құқығы жоқ.

6.4. Жеңімпаздың Банктік құпия мен клиенттің жеке деректері туралы ақпаратты таратуға (жариялауға),ашуға өтініш-келісімге қол қоюдан, Жүлденің Жеңімпазға/ Жүлдені алушыға табысталғанын растайтын өқжатқа қол қоюдан баст тартуы, Жеңімпаздың жеке басын куәландырушы құжатты/ Жүлдені алушының сенімхатты ұсынбауы Банкпен Жеңімпаздың жүлдеден бас тартуы ретінде қарастырылатын болады. Бұл үшін Банк жауапты болмайды.

6.5. Жеңімпаз жүлдені алған сәттен бастап меншік құқығы оған өтеді. Сол сәттен бастап Банк Жүлдені жоғалту, оны иелену және басқарумен байланысты туындайтын қауіп үшін жауапты болмайды.

6.6. Жүлденің Жеңімпазға/Жүлдені алушыға тапсырылуы Банктің жауапты қызметкері Сбербанк Премьер менеджерінің және Жеңімпаздың/Жүлдені алушының тиісті құжатқа (қабылдау-табыстау акті) қол қою арқылы расталады.


7. Басқа шарттар.

 

7.1. Банк осы Акция талаптарына өзгертулер енгізуге құқылы. Осы Акция өзгертілген жағдайда Банк осы Акцияның жаңа редакциясы күшіне енгенге дейін кемінде 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын осы Акцияның жаңа рекдакциясын Банктіңhttps://www.sberbank.kz/new/lp/sb_premier сайтында жариялау арқылы хабарландырады: Сонымен қатар Банк Клиенттердің осы Акцияның өзгеруі туралы Клиенттерге маркетингтік және/немесе ақпараттық материалдарды ұсыну жолымен хабарландыруға да құқылы.

7.2. Клиент осы Акцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенін өздігінен бақылауға міндеттенеді. Клиенттің осы Акцияның жаңа редакциясы күшіне енгеннен кейін төлем картасын және/немесе осы Акцияны пайдалану бойынша іс-әрекет жасауы Клиенттің осы Акцияның жаңа редакциясымен келіскендігінің растамасы болып табылады.

7.3. Егер кез келген Клиент осы Акцияның талаптарын сақтамаса және/немесе алаяқтық әрекеттер жасаса және/немесе Клиентке осы Акция аясында берілетін қандай да бір артықшылықтарын және/немесе сыйларды асыра пайдаланса және/немесе серіктестерге жаңылыстыратын ақпаратты немесе серіктестеріне дұрыс емес мәліметтерді берсе, Банк ПББ жауапты қызметкер(лер)інің шешімі негізінде ол Клиентті ескертпестен осы Акцияға қатысушылар қатарынан шығарып тастауға құқылы.

7.4. Егер Клиент Жүлдені 14 күнтізбелік күн ішінде өзінің жеке менеджерінен себепсіз алып кетпесе - Жүлде автоматты түрде Банк меншігіне айналады.

7.5. Ұтыс ойындарын өткізу және жүлделерді табыстау Хаттамаға сәйкес ПББ және МжКБ комиссиясының, нотариустың қатысуымен ұйымдастырылуы тиіс.

 

Поделиться


Алматы