Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк 180-жылдығына орай Visa-мен бірге «Үздіктерге арналған бірінші акцияны» бастайды

Акция 01.10.2021 ж. бастап 31.10.2021 ж. дейінгі аралықта өтеді.

Жүлделер ұтысына жалпы сомасы 1 000 000 теңгеден асатын «Сбербанк Бірінші» немесе «Сбербанк Бірінші+» қызметтер пакеті шеңберінде картамен төлем жасаған VISA Infinite клиенттері қатысады.

Жеңіс шарттарды орындаған алғашқы 150 бақытты адамға кепілдендірілген. Олар портативті қуаттау құрылғысы бар Hugo Boss стильді смарт қалтасын алады. Жүлде қоры 10 қарашада Сбербанктің ресми парақшасында ойнатылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Сбербанк Бірінші» банктің VIP-клиенттеріне премиум-класты жеке банктік қызмет көрсету саласында эксклюзивті қызметтер кешенін ұсынады. Банк өз клиенттеріне міндеттерді шешуде жеке тәсілдемені, құпиялылықты және дербес жоғары білікті қаржы менеджерлерінің қызметтеріне тәулік бойы қолжетімділікті ұсынады.

Банктің 180-жылдығына орай Сбербанк Бірінші клиенттеріне арналған "Үздіктерге арналған бірінші акция" маркетингтік акциясын өткізу талаптары

 

Банктің 180-жылдығына орай Сбербанк Бірінші арналарының клиенттеріне, Сбербанк АҚ ЕБ «Сбербанк Бірінші»/ «Сбербанк Бірінші+» Қызметтер пакетінің аясында шығарылған төлем карталарын ұстаушыларға арналған "Үздіктерге арналған бірінші акция" маркетингтік акциясын өткізу талаптары

«Үздіктерге арналған үздік акция» маркетингтік акциясы (бұдан әрі — Акция) ұйымдастырушысы «Ресей Жинақ банкі» Еншілес Банкі Акционерлік қоғамы (№1.2.199/93/31 лицензия 03.02.2020 ж. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілген) болып табылатын «Сбербанк Бірінші/Сбербанк Бірінші+» Қызметтер пакеті  шеңберінде шығарылған VISA Infinite төлем карталарын ұстаушы-клиенттерге арналған.


1. Терминдер мен анықтамалар.

1.1. Банк - «Ресей Жинақ банкі» Акционерлік Қоғамы Еншілес Банкі. 
1.2. Карта - «Сбербанк Бірінші/Сбербанк Бірінші+» Қызметтер пакеті аясында шығарылған VISA Infinite төлем картасы.
1.3. Акция қатысушылары - Сбербанк Бірінші арнасының клиенттері.
1.4. Банк Серіктесі –  Visa Халықаралық төлем жүйесі.
1.5. Акция өткізілетін кезең - 01.10.2021 ж. бастап 31.10.2021 ж. дейін.
1.6. Жеңімпаз – осы Акцияда көрсетілген тәртіпте жеңімпаз болып танылған Акцияға қатысушы;
1.7. Жүлде - осы Акцияға сәйкес Акция Жеңімпазына табысталатын сыйлық;
1.8. Резервтегі жеңімпаз – Негізгі жеңімпаз Жүлдеден бас тартқан жағдайда осы Акцияда көрсетілген, Жеңімпаз деп танылуға жеткілікті  Акция талаптарын толық орындаған Акция қатысушысы. 

2. Акцияға қатысу талаптары.

 

2.1. Бұл Акция Клиенттердің Банк өнімдеріне бейілділігін, Клиенттердің VISA Infinite төлем картасын пайдаланып, көбірек банктік операцияларды орындауғаа ынталарын арттыруға бағытталған.

2.2.Акция жалпы сомасы 1 000 000 (бір миллион) теңгеден астам сомаға акция өткізу кезеңінде Банк шығарған картамен тауарға немесе қызметке төлем жасаған Сбербанк Бірінші арнасындағы Банктің премиалды клиенттері арасында өткізіледі;

2.3. Акцияға қатысушы клиенттер: жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының резиденттері).

2.4. Акцияға келесі тұлғалар қатыса алмайды:

- Банк қызметкерлері және Банктің үлестес жеке тұлғалары;

- Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар;

- Акцияға қатысу сәтінде 18 жасқа толмаған тұлғалар;

- Банк алдында мерзімі кешіктірілген берешегі жоқ тұлғалар.

2.5. Акцияның әр Жеңімпазы тек бір Жүлде ала алады.

2.6. Акция өткізілетін кезең – 01.10.2021- 31.10.2021 ж.

2.7. Жеңімпаздар тізімі 10.11.2021 ж. дейін қалыптастырылады.

2.8. Премиум банкинг басқармасының (бұдан әрі-ПББ) жауапты қызметкері 10.11.2021 ж. дейін кепілдендірілген Жүлдені алуға құқығы бар қатысушылардың тізімін қалыптастырады

 


3. Акцияның жүлде қоры:

 

3.1. Жүлде қорын Банк Серіктесі қамтамасыз етеді, Акция шеңберінде жүлделер ретінде келесі жүлделер беріледі:

 

Сипаттамасы

Саны, дана

1

HUGO BOSS  А5 форматындағы папка + портативтік қуаттау құрылғысы

150

 

3.2. Жүлделер айырбасталмайды және қайтарылмайды. Жүлдені ақшалай баламасымен және (-немесе) өзге затпен беруге жол берілмейді.


4. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі

4.1. Жеңімпаздарды анықтау осы Акцияның 2-т. көрсетілген ПББ жауапты жұмыскерінің Акцияға қатысу шарттарын орындаған Акцияға Қатысушылардың тізімін қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады.

4.2.Осы Акцияның 2-т. көрсетілген шарттарды орындаған Акцияның алғашқы 150 қатысушысы жеңімпаз болып танылады.

4.3. Акция қорытындысы бойынша 4.2. т. анықталған негізгі Жеңімпаздармен қатар, Банк Акцияның негізгі Жеңімпазы анықталған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде негізгі Жеңімпазға хабарласа/байланыса алмаған жағдайға арнап (Резервтік Жеңімпаздың телефон нөміріне үш рет хабарласады) 7 (жеті) Резервтік Жеңімпаз анықталады. Банктің Жеңімпазға телефон арқылы хабарласа алмау дерегін  Жеңімпазға қоңырау шалу кезінде МжКБ жауапты қызметкерлерінің қатысуымен ПББ жауапты қызметкерлері жасаған бейнежазба растайтын болады.

4.4. Жеңімпазға Жүлдені табыстау үшін Банктің жауапты менеджері Акция Жеңімпазынан ол толтырған және қол қойған осы Талаптарға №1 Қосымшаға сәйкес банктік құпия мен клиенттің жеке деректері туралы ақпаратты таратуға (жариялауға) ашуға өтініш-келісімін алуы тиіс.


5. Жүлдені табыстау тәртібі

5.1. Жеңімпаз анықталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Банк (ПББ жауапты менеджері) Жеңімпазға оның Жүлдені алу құқығы және сәйкес Жүлдені табыстау орны туралы хабарлайды. Жүлдені алар кезде Жеңімпаз өзінің жеке куәлігін немесе егер ол сенім артылған тұлға болған жағдайда, Жүлдені алуға және осы Ережеге №1 Қосымшаға сәйкес банктік құпия мен клиенттің жеке деректері туралы ақпаратты таратуға (жариялауға) ашуға өтініш-келісімге қол қоюға сенімхатты ұсынуы тиіс.

5.2. Жеңімпаз Банкпен байланысты емес кез-келген себептермен, соның ішінде Жеңімпаздың жеке сәйкестендіру нөмірі, байланыс мекенжайы, аты және/немесе тегі, телефон нөмірі немесе өзге деректемелері  Клиент картасында дұрыс көрсетілмеген немесе өзгертілген жағдайда Жүлдені ала алмағаны үшін Банк жауапты болмайды. Бұл ретте мұндай Жеңімпаздардың Банктен қандай да бір өтемақы алу құқығы жоқ.

5.3. Жеңімпаздың Банктік құпия мен клиенттің жеке деректері туралы ақпаратты ашуға өтініш-келісімге қол қоюдан, Жүлденің Жеңімпазға/ Жүлдені алушыға табысталғанын растайтын құжатқа қол қоюдан баст тартуы, Жеңімпаздың жеке басын куәландырушы құжатты/ Жүлдені алушының сенімхатты ұсынбауы Банкпен Жеңімпаздың Жүлдеден бас тартуы ретінде қарастырылатын болады. Бұл үшін Банк жауапты болмайды.

5.4. Жеңімпаз жүлдені алған сәттен бастап меншік құқығы оған өтеді. Сол сәттен бастап Банк Жүлдені жоғалту, оны иелену және басқарумен байланысты туындайтын қауіп үшін жауапты болмайды.

5.5. Жүлденің Жеңімпазға/Жүлдені алушыға тапсырылуы Банктің жауапты қызметкерінің және Жеңімпаздың/Жүлдені алушының тиісті құжатқа (акт) қол қою арқылы расталады.

 


6. Өзге талаптар.

6.1. Банк осы Акция талаптарына өзгертулер енгізуге құқылы. Осы Акция өзгертілген жағдайда Банк бұл туралы осы Акцияның жаңа редакциясы күшіне енгенге дейін кемінде 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын Банктің https://www.sberbank.kz/new/sb1 сайтында осы Акцияның жаңа редакциясын жариялау арқылы хабарландырады. Қосымша түрде Банк клиенттерді осы Акцияның өзгертілгені туралы клиенттерге маркетингтік және/немесе ақпараттық материалдарды ұсыну арқылы хабарландыруға құқылы.

6.2. Клиент осы Акцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенін өздігінен бақылауға міндеттенеді. Клиенттің осы Акцияның жаңа редакциясы күшіне енгеннен кейін төлем картасын және/немесе осы Акцияны пайдалану бойынша іс-әрекет жасауы Клиенттің осы Акцияның жаңа редакциясымен келіскендігінің растамасы болып табылады.

6.3. Егер кез келген Клиент осы Акцияның талаптарын сақтамаса және/немесе алаяқтық әрекеттер жасаса және/немесе Клиентке осы Акция аясында берілетін қандай да бір артықшылықтарын және/немесе сыйларды асыра пайдаланса және/немесе серіктестерге жаңылыстыратын ақпаратты немесе серіктестеріне дұрыс емес мәліметтерді берсе, Банк ПББ жауапты қызметкер(лер)інің шешімі негізінде ол Клиентті ескертпестен осы Акцияға қатысушылар қатарынан шығарып тастауға құқылы.

6.4. Егер Клиент Жүлдені 14 күнтізбелік күн ішінде өзінің жеке менеджерінен себепсіз алып кетпесе - Жүлде автоматты түрде Банк меншігіне айналады.

Поделиться


Алматы