Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

«Оқиғалар конкурсы» маркетингтік акциясын өткізу шарттары

Осы «Оқиғалар конкурсы» акциясы (бұдан әрі — Акция) Клиенттердің «Сбербанк» АҚ ЕБ (бұдан әрі – Банк) өнімдеріне деген сенімін арттыруға және болашақта Клиент атануы мүмкін Клиенттерді Банктің өнімдерін сатып алуға ынталандыруға арналған.  

Осы Шарттар (бұдан әрі – «Шарттар») акцияны өткізу тәртібін, шарттарын, өткізілетін орны мен уақытын, акцияның жүлде қорының мөлшерін, жүлделерді алу мерзімін және тәртібін анықтайды.

 

1. Терминдер мен анықтамалар

1.1. Акция — «Оқиғалар конкурсы» атты маркетингтік акция, ұйымдастырушысы – «Ресей Жинақ банкі» Акционерлік Қоғамының Еншілес Банкі (Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген 03.02.2020 жылғы № 1.2.199/93/31  лицензия);
1.2. Акцияға қатысушылар – төмендегі талаптарға жауап беретін Қазақстан Республикасының азаматтары: 
Акцияға қатысушы – Клиент өзінің Банкпен байланысты оқиғасын жазып, конкурстың барлық шарттарын қабылдауы қажет және https://new.sberbank.kz/promo180 сайты арқылы қатысуға өтінім қалдыруы тиіс;  
Акцияға қатысушының Банк алдында берешегі болмауы керек;
1.3. Ұтыс ойыны өткізілетін уақытта Акцияға қатысушының жасы толық 18 жаста және одан үлкен болуы тиіс;
1.4. Акция өткізілетін кезең –  06.09.2021 жылдан 29.10.2021 жылды қоса алғанға дейін;
1.5. Жеңімпаз – осы Акцияда көрсетілген тәртіппен жеңімпаз болып табылған Акцияға қатысушы;
1.6. Резервтегі жеңімпаз – Акцияның екінші және үшінші жеңімпазы атану үшін     Акцияның талаптарын жеткілікті түрде толық орындаған Акцияға қатысушы;
1.7. Жүлде – осы Акцияға сәйкес Акция Жеңімпазына табысталатын сыйлық. 

2. Акцияның ортақ ережелері

2.1. Осы Акция Клиенттердің Банктің өнімдеріне деген сенімдерін арттыруға, сондай-ақ Сбербанктің тұрақты, сенімді және клиентке бағдарланған қазақстандық банк ретінде беделін арттыруға арналған.


3. Акцияға қатысу шарттары

3.1. Акцияға Банктің Клиенттері қатыса алады, олар Sberbank180 сайтында конкурсқа қатысуға өтінім қалдыруы, шарттарды қабылдауы және өзінің Банкпен байланысты оқиғасын жазуы тиіс.

3.2. Акцияға қатысатын клиенттер: жеке тұлғалар (ҚР резиденттері).

3.3. Акцияға қатыса алмайтын тұлғалар: Банк қызметкерлері және Банктің үлестес жеке тұлғалары, сондай-ақ Акцияға қатысу кезінде 18 жасқа толмаған тұлғалар.

3.4. Ұтыс ойындары Акцияға қатысушылардың арасында 2021 жылы 29 қазанда өткізіледі.

3.5. Банк ұтыс ойыны өткізілетін кестеге өзгерістер енгізуге құқылы.

3.6. Маркетинг және коммуникациялар басқармасының жауапты қызметкері ұтыс ойыны басталғанға дейін 1 күн бұрын МжКБ жауапты қызметкеріне аталған жүлделер ұтыс ойынына қатысуға құқығы бар қатысушылардың тізімін береді.


4. Акцияның жүлде қоры

4.1. Акцияның аясында жүлде ретінде мынадай жүлделер беріледі:

Жүлделер Саны, дана

 1

Бас жүлде (бірінші орын) – Жолдама (екі адамға шетелге 5 күнге)

1

 2

Екінші орын – Жолдама (екі адамға тау бөктеріндегі қонақ үйге 2 күнге)

1

 3

Үшінші орын – MacBook Pro

1

 4

Банк номинациясы – “Книжный город” немесе “Меломан” дүкендерінен кітап сатып алуға 25 000 теңгеге сыйлық сертификаты

1

 5

Банк номинациясы – “Книжный город” немесе “Меломан” дүкендерінен кітап сатып алуға 25 000 теңгеге сыйлық сертификаты

1

 6

Банк номинациясы – “Книжный город” немесе “Меломан” дүкендерінен кітап сатып алуға 25 000 теңгеге сыйлық сертификаты

1

 7

Ынталандыру сыйлығы – Толстовка

3

8

Ынталандыру сыйлығы – Рюкзак

3

9

Ынталандыру сыйлығы – Термокружка

3

10

Ынталандыру сыйлығы – ОККО онлайн-кинотеатрына жазылым (6 айға)

6

 

Барлығы:

21

 

4.2. Жүлделер айырбасталмайды және қайтарылмайды. Жүлденің ақшалай баламасы және (-немесе) өзге затпен берілмейді.


5. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі

5.1. Конкурсқа қатыстыру үшін оқиғаларды алдын ала іріктеп алу процесі. Қатысушы өтінім беріп, сауалнама деректерін толтырғаннан кейін ақпарат автоматты түрде конкурстың e-mail-ына жіберіледі. Деректер мен оқиғалар арнайы ашылған папкада сақталады және  релеванттылығы оқылады (бұл кезеңде талаптарға сай келмейтін пікірлер алынып тасталады). Оқиғалардың көлемі 1000 белгіден (бос орын ескерілгенде) кем болмауы тиіс.

Іріктеу қорытындысы бойынша конкурсқа қатысушылардың деректері әр қатысушыға жеке нөмір беріле отырып, excel кестесіне салынады. Сондай-ақ деректер клиенттермен жұмыс істеу бөліміне тексеруге беріледі (өтінім қалдырушының шын мәнісінде клиент екенін немесе соңғы 5 жылда клиент болып табылатынын растау), оқиғаны тексеру сәтті аяқталған жағдайда, кездейсоқ сандар генерациясы арқылы жүлделер ұтыс ойынына өткізіледі. 

5.2.  Жеңімпаздарды анықтау Маркетинг және коммуникациялар басқармасының (бұдан әрі – МжКБ) жауапты қызметкерлерінен құралған комиссияның қатысуымен, көрсетілген кездейсоқ сандар генераторы веб-сайтында Жеңімпазды кездейсоқ таңдау арқылы жүзеге асырылады: www.random.org немесе lizaonair.com. Жеңімпаздарды анықтау үшін 3-тармақта көрсетілген Акцияға қатысу шарттарын орындаған барлық Акцияға Қатысушылардың жеке сәйкестендіру нөмірлері (соңғы 4 цифр) пайдаланылады. Жеңімпаздар Банктің Әлеуметтік желілердегі парақшаларында тікелей эфирде, барлық әрекеттерді бейнежазбалау арқылы анықталады.   

5.3. Акция қорытындысы бойынша негізгі Жеңімпаздан бөлек, кемінде 2 резервтік жеңімпаз анықталады. Банк негізгі Жеңімпаз анықталған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде негізгі Жеңімпазға хабарласа/байланыса алмаса (Жеңімпаздың телефон нөміріне үш рет хабарласады), резервтік Жеңімпаздар керек болады. Банктің Жеңімпазға телефон арқылы хабарласа алмау дерегін  Жеңімпазға қоңырау шалу кезінде МжКБ жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жауапты қызметкерлер жасаған бейнежазба растайтын болады.

5.4. Акцияның аясында ынталандыру жүлделері де көзделген, олар Жеңімпазды кездейсоқ таңдау арқылы www.random.org немесе lizaonair.com кездейсоқ сандар веб-сайтында ойнатылады.

5.4. Кездейсоқ сандар генераторымен анықталған Жеңімпаздардан бөлек, іріктеу комиссиясы (МжКБ жауапты қызметкерлерінен және басқарма басшысынан құралған) Банк номинациясы ұсынылатын 3 жеңімпазды анықтайды («Шабыттандыратын оқиға» номинациясы, «Жанға жылулық сыйлайтын оқиға» номинациясы және «Үлгі болатын оқиға» номинациясы). Номинация ұсынылатын Жеңімпаздар мынадай талаптар бойынша анықталады: оқиғада Банктің және оның қызметкерлерінің клиентке деген бағдары, өнімдер мен сервистердің артықшылықтары көрсетіліп, қаржы ұйымы туралы оң әсер қалдыруы тиіс.

5.5. Жеңімпаздар туралы ақпарат Instagram-дағы @sberbank_kz ресми парақшасында тікелей эфир өткізу және оны IGTV-де сақтау арқылы жарияланады. Ақпаратты жариялау және Жеңімпазға Жүлдені табыстау үшін Банктің жауапты менеджері Акция Жеңімпазынан толтырылған және қол қойылған осы Ережелердің №1 қосымшасына сәйкес банктік құпия мен клиенттің жеке деректері туралы ақпаратты ашуға өтініш-келісімін алуы тиіс.


6. Жүлделерді табыстау тәртібі

6.1. Жеңімпаз анықталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Банк (МжКБ жауапты менеджері) Жеңімпазға оның Жүлдені алу құқығын және тиісті Жүлдені табыстау орнын хабарлайды. Жүлдені алар кезде Жеңімпаз өзінің жеке куәлігін немесе егер ол сенім артылған тұлға болған жағдайда, Жүлдені алуға және осы Ереженің №1 қосымшасына сәйкес банктік құпия мен клиенттің жеке деректері туралы ақпаратты ашуға өтініш-келісімге қол қоюға берілген сенімхатты ұсынуы тиіс.

6.2. Егер Банк (МжКБ жауапты менеджері) осы Ережеде көрсетілген себептермен кездейсоқ сандар генераторы арқылы таңдалған негізгі Жеңімпазбен хабарласа алмаса, Банк (МжКБ жауапты менеджері) 1 (бір) жұмыс күні ішінде резервтегі Жеңімпазбен хабарласады және Жүлдені алу құқығы резервтегі Жеңімпазға өтеді.

6.3.  Жеңімпаз Банкке байланысы жоқ кез-келген себептермен, соның ішінде Акция Жеңімпазының жеке сәйкестендіру нөмірі, байланыс мекенжайы, аты және/немесе тегі, телефон нөмірі немесе өзге деректемелері және байланыс деректері Клиент картасында дұрыс көрсетілмеген немесе өзгертілген жағдайда Жүлдені ала алмағаны үшін Банк жауапкершілік атқармайды. Бұл ретте мұндай Жеңімпаздардың Банктен қандай да бір өтемақы алуға құқығы жоқ.

6.4. Жеңімпаздың банктік құпия мен клиенттің жеке деректері туралы ақпаратты ашуға өтініш-келісімге қол қоюдан, Жүлденің Жеңімпазға/ Жүлденің алушыға табысталғанын растайтын құжатқа қол қоюдан бас тартуын, Жеңімпаздың жеке басын куәландыратын құжатты/Жүлдені алушының сенімхатты ұсынбауын Банк Жеңімпазды жүлдеден бас тартты деп қарастырады, ол үшін Банк жауапкершілік атқармайды.

6.5. Жеңімпаз жүлдені алған сәттен бастап меншік құқығы оған өтеді. Сол сәттен бастап Банк Жүлдені жоғалту, оны иелену және басқаруға байланысты туындайтын қауіп үшін жауапкершілік атқармайды.

6.6. Жүлденің Жеңімпазға/Жүлденің алушыға тапсырылғаны Банктің жауапты қызметкерінің және Жеңімпаздың/Жүлдені алушының тиісті құжатқа (акт) қол қоюы арқылы расталады.

 


7. Өзге шарттар

7.1. Банк осы Акцияның шарттарына өзгертулер мен толықтырулар енгізуге құқылы. Осы Акция өзгертілген жағдайда, Банк осы Акция Ережелерінің жаңа редакциясы күшіне енгенге дейін кемінде 7 (жеті) күнтізбелік күн бұрын Ережелердің жаңа рекдакциясын Банктің https://www.sberbank.kz сайтында және sberbank180 арнайы лэндингінде жариялау арқылы хабарлайды. Сонымен қатар Банк осы Акцияның өзгергені туралы Клиенттерді Клиенттерге маркетингтік және/немесе ақпараттық материалдарды ұсыну арқылы хабарландыруға құқылы. 
7.2. Клиент осы Акцияға өзгертулер мен толықтырулардың енгізілгенін өздігінен қадағалап отыруға міндеттенеді. 
7.3. Егер Клиент осы Акцияның талаптарын сақтамаса және/немесе алаяқтық әрекеттер жасаса және/немесе Клиентке осы Акцияның аясында берілетін қандай да бір артықшылықтарды және/немесе ынталандыруларды асыра пайдаланса және/немесе серіктестерге жаңылыстыратын ақпаратты немесе дұрыс емес мәліметтерді берсе, Банк МжКБ жауапты қызметкер(лер)інің шешімінің негізінде кез келген Клиентті, ескертпестен, осы Акцияға қатысушылар қатарынан шығарып тастауға құқылы.
7.4. Егер Клиент Жүлдені 14 күнтізбелік күннің ішінде себепсіз алып кетпесе, Жүлде автоматты түрде Банк меншігіне өтеді.

 

 

Поделиться


Алматы