Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанк Қазақстан «Жасыл кеңсе» байқауының жеңімпазы атанды

«Сбербанк» АҚ ЕБ «Жасыл кеңсе – 2021» атты III Республикалық байқаудың жеңімпаздары тізіміне енді. Жеңімпаздар 22 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында салтанатты түрде марапатталды.

«Жасыл кеңсе — 2021» байқауына білім беру, денсаулық сақтау саласы, мемлекеттік билік органдары, халықаралық ұйымдар мен өкілеттіліктер, өндірістік кәсіпорындар, қаржы ұйымдары және үкіметтік емес ұйымдар сияқты 100-ден астам ұйым қатысты. Байқаудың нәтижесінде әртүрлі номинация бойынша тәжірибесі үздік деп танылған 30 кәсіпорын іріктеуден өтті, соның ішінде «Сбербанк» АҚ ЕБ да бар.

Аталған байқау 2019 жылдан бері жыл сайын ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы бағдарламалар кеңсесінің және Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен өткізіліп келеді. Экологиялық өмір салтын насихаттау, түрлі ұйымдар ғимаратының қоршаған ортаға зиянсыздығын, жайлылығын және тиімділігін арттыру, сондай-ақ отандық кәсіпорындар мен компанияларды өздерінің жеке экологиялық саясатын құруға жігерлендіру байқаудың мақсаты болып табылады.

Банк қоршаған ортаны қорғауға бағытталған негізгі бастамалары ретінде төмендегілерді жолдады: екінші рет өңдеуге болатын заттарға арналған бокстар орнату; люминесцентті шамдарды жарықдиодты шамдарға ауыстыру арқылы энергияның көп жұмсалуын азайту; автоматты түрде өшетін сенсорлық сезбектер орнату арқылы суды, жылу мен электр қуатын үнемдеу; экология және қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау жөнінде корпоративтік сабақтар өткізу; ағаш отырғызу бойынша сенбіліктер мен акциялар өткізу аясында ҚР аймақтарының экологиялық жағдайына назар аудару; экологиялық жоба бойынша несие алатын клиенттерге қызметке жүгінген кезде жеңілдіктер беру.

Айта кетерлігі, байқау жеңімпаздарының ішінде Банктің он корпоративтік клиенті де бар. Банк клиенттерінің табиғатқа деген қамқорлығын, келер ұрпақтың болашағына алаңдатушылық танытқанын мақтан тұтып, олардың «жасыл» экономикаға көшуге деген бастамасын қолдайды.

Банк «жасыл» бастамаларды ендіруге қатысты қарқынды жұмыстарын корпоративтік мәдениет деңгейінде ғана емес, Банк ішінде де жалғастыруды үрдіске айналдырмақ.

Поделиться


Алматы