Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Клиенттердің оқиғалары байқауын өткізу мерзімі ұзартылады

Құрметті клиенттер, Сбербанк «Клиенттердің оқиғалары» байқауын өткізу мерзімін ұзартады.

Оқиғаларды қабылдау мерзімі 2021 ж. 19 қарашаға дейін ұзартылады. Ұтыс ойыны 2021 жылы 26 қарашада Instagram-дағы ресми парақшамызда тікелей эфирде өтеді.

Өзіңіздің оқиғаңызды жазып, байқауға қатысыңыз және Сбербанктен жүлделер ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз! Бас жүлде – екі адамға Дубайға жолдама.

Байқау Сбербанктің 180 жылдығына және оның Қазақстандағы табысты жұмысының 15 жылдығына орай өткізіледі.

Байқаудың талабы мынадай: Сбербанк Қазақстанмен байланысты жанға жылулық беретін, шабыттандыратын, күлкілі, әсерлі немесе қызықты жеке оқиғаңызбен бөлісу қажет.

Байқауға кәмелеттік жасқа толған және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын Банктің клиенттері қатыса алады. Қатысу үшін көрсетілген сілтеме бойынша тіркеуден өтіп, өзіңіздің оқиғаңызды жіберуіңіз керек: сайт. Оқиғалар қазақ және орыс тілдерінде, көлемі 1000 белгіден кем болмайтын мәтіндік форматта қабылданады. Байқауға қатысушылардың оқиғалары банктің мерейтойға арналған сайтында жарияланады.

Байқаудың қорытындысы бойынша жиырма бес қатысушы жеңімпаз атанады. Жүлде қорында екі адамға Іле Алатауы баурайындағы шипажайға екі күндік жолдама, MacBook Pro, Meloman дүкеніне сыйлық сертификаты, Okko онлайн-кинотеатрының премиум-пакетіне жазылымдар және т.б. сыйлықтар бар. Бас жүлде – екі адамға Дубайға бес күндік жолдама.

Ұтыс ойынына аталған байқаудың барлық шарттарына сәйкес келетін оқиғалар өткізіледі. Жеңімпаздар кездейсоқ сандар генераторының көмегімен анықталады. Сонымен қатар ең қызықты оқиға жазған үш қатысушы арнайы номенацияға ие болып, Сбербанктен жүлделер алады.

Қатысу шарттарымен және оқиғаларды жазу үлгілерімен https://new.sberbank.kz/promo180 сайтында танысуға болады.

Поделиться


Алматы