Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Қазақстанның барлық аймақтарында «Сбербанк аллеясы» пайда болды

Биыл Сбербанк өзінің негізі қаланған сәттен бастап 180 жылдығын және Қазақстандағы табысты жұмысының 15 жылдығын атап өтеді. Қаржы институты мерейтойына орай өзі орналасқан (республика бойынша 17 филиал) барлық аймақтарда «Сбербанк аллеясы» атты ағаш отырғызу акциясын өткізді.  

Акцияның аясында отырғызылған ағаштар еліміздің түкпір-түкпіріндегі саябақтардың, гүл бақтарының, балалар алаңының, мектеп және университет аулаларының сәнін келтірді. Акция солтүстік аймақтардан басталды, Банк филиалдарының қызметкерлері мен серіктестері Нұр-Сұлтан, Павлодар, Петропавл, Қарағанды, Көкшетау және Ақтөбе сияқты қалаларда ағаштардың түр-түрін отырғызды. Солтүстік аймақтан кейін «Сбербанк аллеясы» Орал, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Қостанай және Өскемен қалаларында да пайда болды. Ағаш отырғызу акциясын Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент және Түркістан қалаларындағы оңтүстік аймақтық филиалдар тәмамдады.   

Акция бойынша ағаштың он бестен астам түрі отырғызылды, олардың әрқайсысы әр аймақтың климаттық жағдайына және топырақ түріне қарай мұқият таңдалды. Мысалы, еліміздің солтүстік өңірлерінде аязға төтеп бере алатын қылқан жапырақты шырша, қарағай сияқты ағаштарды, ал оңтүстік өңірлерде жеміс беретін және көп ғасырлық, діңі қатты, жергілікті климатқа тез бейімделетін әрі топырақ эрозиясына қарсы тұра алатындай қоршаған ортаға пайдалы ағаштарды отырғызу көзделді.

Банк өзінің ағаш отырғызу туралы шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылы жариялаған экологиялық бағдарламаны жүзеге асыру туралы бастамасын қолдады, бұл бағдарлама бойынша Қазақстанның барлық аймақтарында 15 миллион ағаш отырғызу жоспарға алынды.

Сбербанк ESG (Environmental, Social, Governance) стратегиясын іске асыру аясында Қазақстандағы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған іс-шараларға белсенді түрде қатысып келеді. Банк өзінің бұл бағыттағы қызметін ары қарай да жалғастыруға ниетті, қоршаған ортаны қорғау, оның табиғи жағдайын жақсарту қаржы институтының қызметіндегі негізгі артықшылықтардың бірі болып саналады.

Поделиться


Алматы