Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

  • Пресс-служба
  • Жаналык
  • Сбербанктің 180 жылдығына арналған «Қорғалған қарыз алушы» маркетингтік акциясының талаптары

Сбербанктің 180 жылдығына арналған «Қорғалған қарыз алушы» маркетингтік акциясының талаптары

«Қорғалған қарыз алушы» маркетингтік акциясы (бұдан әрі — Акция) Сбербанк Онлайн мобильді қосымшасында немесе Sberbank KZ-те өмірді сақтандырумен кепілсіз кредит рәсімдеген клиенттерге арналған.
 
1. ТЕРМИНДЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
1.1. «Сбербанк» АҚ ЕБ жеке тұлға-клиенттеріне арналған «Қорғалған қарыз алушы» маркетингтік акциясын өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) аясында келесідей терминдер мен қысқартулар қолданылады:
a) Банк - «Сбербанк» АҚ ЕБ.
b) Банктің мобильді қосымшасы - Банктің «Сбербанк Онлайн» немесе «Sberbank KZ» мобильді қосымшасы.
c) Акция - «Ресей Жинақ банкі» Акционерлік Қоғамы Еншілес Банкімен ұйымдастырылған «Қорғалған қарыз алушы» атты маркетингтік акциясы (Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген 03.02.2020 ж. № 1.2.199/93/31  Лицензия).
d) Акцияға қатысушы - Қағидалардың 3-тарауында белгіленген кезеңде Банктің мобильді қосымшасында «Сенімгерлік кредит» бағдарламасы бойынша Банктен кредит алған Банк клиенті - жеке тұлға.
e) МжКБ - Банктің Маркетинг және коммуникациялар басқармасы. 
f) БКжҚҚБ - «Бөлшек кредиттер және қаржылық емес қызметтер» басқармасы.
g) ББТжСБ - Бөлшек бизнесті талдау және стратегия басқармасы
h) Жеңімпаз – осы Акцияда көрсетілген тәртіпте жеңімпаз болып танылған Акцияға қатысушылар;
i) Резервтегі жеңімпаз - Акцияның жеңімпазы атану үшін талаптарды жеткілікті түрде толық орындаған Акция қатысушылары.
j) Ұтыс ойынын өткізу – Ұтыс ойынын өткізу мерзімдерін Банк белгілейді және тиісті себептерге байланысты оларды өзгертуге құқылы.
k) Банк серіктесі – «Nomad Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ
l) Жүлде – осы Акцияға сәйкес Акция Жеңімпазына табысталатын сыйлық. Акция Жеңімпаздары үшін жүлделерді Банк Серіктесі ұсынады. 

2. АКЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

2.1. Акцияға қатысушылар – Банктің мобильді қосымшасында өмірді сақтандырумен кепілсіз кредитті рәсімдеген Қазақстан Республикасының азаматтары; 
2.2. Акцияға тек Қазақстан Республикасының резиденттері ғана қатыса алады.
2.3. Акцияға келесі тұлғалар қатыса алмайды:
1) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері;
2) «Сбербанк» АҚ ЕБ қызметкерлері;
3) «NOMAD Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ қызметкерлері;
4) Акцияға қатысу сәтінде 21 жасқа толмаған тұлғалар;
5) «Қорғалған қарыз алушы» акциясының талаптарына сәйкес келмейтін клиенттер;
6) ұтыс ойынын өткізу үшін тізім жасақталған күні
a) Ұтыс ойынына қатысатын кредиттер бойынша мерзімнен бұрын толық өтем жасаған клиенттер;
b) Ұтыс ойынына қатысатын кредиттер бойынша мерзімді кешіктіргендер;
c) Банктегі кез клеген кредит бойынша ағымдағы мерзімін кешіктіруі бар клиенттер.
 
Банк кез келген уақытта осы ұсыныстың күшін жоюға немесе еңсерілмейтін күш жағдайлары орын алған кезде осы ұсыныстың талаптарын бір жақты тәртіпте өзгертуге құқылы.

3. АКЦИЯНЫ ӨТКІЗУ КЕЗЕҢІ

3.1. «Қорғалған қарыз алушы» акциясын өткізу кезеңі — 2021 жылғы 10 қарашадан бастап 10 желтоқсанға дейін қоса алғанда (бұдан әрі  – Акция кезеңі): 

4. АКЦИЯ ТАЛАПТАРЫ

4.1. Акция Банктің мобильді қосымшасында өмірді сақтандырумен кепілсіз кредитті рәсімдеген Клиенттер арасында Қазақстан Республикасының барлық қалаларында өтеді; 
4.2. Бір Клиент шексіз рет кредит ала алады.

5. ЖҮЛДЕ ҚОРЫ

5.1. Акцияға Қағидалардың 2-тарауында көрсетілген тұлғалар қатысады. 
5.2. Акцияға қатысушылар арасында келесі жүлделердің ұтыс ойыны өткізіледі:
 

Сипаттамасы

Саны, дана

1

Ноутбук MacBook Pro 13” Retina M1/8GB/256Gb SSD/8 core Graphics/Touch Bar/

1

2

Apple iPhone 13 128GB

10

 

Барлығы

11

5.3. Жүлделер айырбасталмайды және қайтарылмайды. Жүлдені ақшалай баламасымен және (-немесе) өзге затпен беруге жол берілмейді. Жүлденің түсі әртүрлі болуы мүмкін.
5.4. Жүлделер үшін туындайтын барлық салықтарды Банк Серіктесі өз қаражаты есебінен төлейді.

6. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ

6.1. Акция Жеңімпаздарын анықтау 2021 жылғы 14 желтоқсанда құрамына БКжҚЕҚБ (Прашева А.Г. және/немесе  Сумин А.И.) және МжКБ (Данилкина А.А. және/немесе Идрисова Ж.М.) жауапты қызметкерлері, Серіктестің жауапты қызметкері кіретін комиссияның қатысуымен lizaonair.com кездейсоқ сандар генераторының веб-сайтында Жеңімпаздарды кездейсоқ таңдау арқылы жүзеге асырылады. Жеңімпаздарды анықтау үшін Қағидалардың 2-тарауында көрсетілген Акцияға қатысу талаптарын орындаған барлық Акцияға қатысушылардың жеке сәйкестендіру нөмірлері (соңғы 4 сан) пайдаланылады. Жеңімпаздарды анықтау Банктің Әлеуметтік желілерінің парақшаларында тікелей эфирде, барлық әрекеттерді бейнежазбалау арқылы жүргізілетін болады.
6.2. Жүлделерді ойнатудан бір күн бұрын Бөлшек бизнесті талдау және стратегия басқармасының жауапты қызметкері (Загребин В.С.) Акцияға қатысушыларды Қағидалардың 2-тарауында көрсетілген Акцияның барлық талаптарына сәйкестік бойынша сүзгіден өткізеді. Ұтыс ойынына тек Excel кестесінде көрсетілген, сүзгіден өткен қатысушылар тізімі қатыстырылады. Әр қатысушыға Excel кестесінде ұтыс ойынына қатысу үшін жеке нөмір беріледі. 
6.3. Банк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған әдіс арқылы өз қалауы бойынша хабарланыдыра отырып, Акция өткізу талаптарына, мерзіміне кез келген уақытта толықтыру енгізу және/немесе өзгерту, сондай-ақ оны тоқтату, тоқтата тұру, Акцияны өткізуді толық немесе ішінара болдырмау құқығын өзіне қалдырады. Кез келген өзгерістер туралы ақпарат  www.sberbank.kz веб-сайтында жарияланады.
6.4. Акция қорытындысы бойынша негізгі Жеңімпазбен қатар, Банк Акцияның негізгі Жеңімпазы анықталған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде негізгі Жеңімпазға хабарласа/байланыса алмаған жағдайға арнап (Жеңімпаздың телефон нөміріне 3 рет хабарласады) 5 (бес) Резервтік Жеңімпаз анықталады. Банктің Жеңімпазға телефон арқылы хабарласа алмау дерегін  Жеңімпазға қоңырау шалу кезінде МжКБ және БКжҚЕҚБ жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жауапты қызметкерлер жасаған бейнежазба растайтын болады.
6.5. Жеңімпаздар туралы ақпарат Instagram-дағы @sberbank_kz ресми парақшасында жарияланады. 

7. ЖҮЛДЕЛЕРДІ ТАБЫСТАУ ТӘРТІБІ

7.1. Жеңімпаз анықталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Банк (МжКБ жауапты қызметкері) Жеңімпазға оның Жүлдені алу құқығы және сәйкес Жүлдені табыстау орны туралы хабарлайды. Жүлдені алған кезде Жеңімпаз жеке куәлігінің түпнұсқасын ұсынуы тиіс немесе жүлдені алуға Жеңімпаздың сенім білдірілген тұлғасы келетін болса, сенім білдірілген тұлға жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын, келесідей өкілеттіктер беретін, нотариалды куәландырылған сенімхатын ұсынуы тиіс:  Жүлдені алу, қажетті құжаттарға қол қою,  Жеңімпаз туралы банктік құпияны және оның дербес деректерді ашуға, осы Қағиданың №1 Қосымшасына сәйкес Жеңімпаздың дербес деректерін жинау және өңдеу, оның ішінде оларды трансшекаралық табыстау.
7.2. Жүлдені Жеңімпазға (оның сенім білдірілген тұлғасына) беру осы Қағиданың №2 Қосымшасына сәйкес Банктің жауапты қызметкері/Банк серіктесі мен жеңімпаз немесе оның сенім білдірілген өкілі арасында тиісті құжатқа қол қоюмен расталады.
7.3. Егер Банк (МжКБ жауапты қызметкері) белгіленген мерзімде осы Қағидада көрсетілген себептермен негізгі Жеңімпазбен хабарласа алмаған жағдайда, Банк (МжКБ жауапты қызметкері) 1 (бір) жұмыс күні ішінде Жеңімпаздар тізіміне сәйкес резервтегі Жеңімпазбен хабарласады және Жүлдені алу құқығы резервтегі Жеңімпазға өтеді.
7.4. Егер Жеңімпаз 14 күн ішінде жүлде алу үшін Банкке келмесе және Банктің хабарламаларына жауап бермесе, Жүлде автоматты түрде Банк серіктесінің меншігіне айналады. 
7.5. Жеңімпаз Банкпен байланысты емес кез келген себептермен, соның ішінде Жеңімпаздың жеке сәйкестендіру нөмірі, байланыс мекенжайы, аты және/немесе тегі, телефон нөмірі немесе өзге деректемелері клиент картасында дұрыс көрсетілмеген немесе өзгертілген жағдайда Жүлдені ала алмағаны үшін Банк жауапты болмайды. Бұл ретте мұндай Жеңімпаздардың Банктен қандай да бір өтемақы алу құқығы жоқ.
7.6. Жеңімпаздың (оның сенім білдірілген тұлғасының) Келісімге қол қоюдан, Серіктестің Жүлдені оған тапсырғанын және оны алғанын растайтын құжатқа қол қоюдан бас тартуы, Жеңімпаздың (оның сенім білдірілген тұлғасының) жеке куәлігін ұсынбауы/ сенім білдірілген тұлғаның сенімхатты ұсынбауы Банк және Серіктес тарапынан Жеңімпаздың Жүлдеден бас тартуы деп қабылданады, бұл үшін Серіктес және Банк жауапты болмайды.
7.7. Жеңімпаз немесе оның сенім білдірілген тұлғасы жүлдені алған сәттен бастап меншік құқығы оған өтеді. Осы сәттен бастап Банк/Банк Серіктесі Жүлденің жоғалуы, жойылуы не зақымдалуы оны иелену және басқарумен байланысты туындайтын қауіп үшін жауапты болмайды.

8. БАСҚА ТАЛАПТАР

8.1. Банк осы Акция талаптарына өзгертулер енгізуге құқылы. Осы Акция өзгертілген жағдайда Банк бұл туралы осы Акцияның жаңа редакциясы күшіне енгенге дейін кемінде 10 (он) күнтізбелік күн бұрын Банктің https://www.sberbank.kz/ сайтында осы Акцияның жаңа редакциясын жариялау арқылы хабарландырады. Қосымша түрде Банк Клиенттерді осы Акцияның өзгертілгені туралы Клиенттерге маркетингтік және/немесе ақпараттық материалдарды ұсыну арқылы хабарландыруға құқылы.
8.2. Клиент осы Акцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенін өздігінен бақылауға міндеттенеді. 
8.3. Егер кез келген Клиент осы Акцияның талаптарын сақтамаса және/немесе алаяқтық әрекеттер жасаса және/немесе Клиентке осы Акция аясында берілетін қандай да бір артықшылықтарын және/немесе сыйларды асыра пайдаланса және/немесе серіктестерге жаңылыстыратын ақпаратты немесе серіктестерге дұрыс емес мәліметтерді берсе, Банк ол Клиентті ескертпестен осы Акцияға қатысушылар қатарынан шығарып тастауға құқылы.
8.4. Ұтыс ойынын өткізу және жүлделерді тапсыру Хаттамаға сәйкес МжКБ комиссиясының жанында ұйымдастырылуы тиіс.
 

Поделиться


Алматы