Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Қаржы секторына ESG негіздерін ендіру

Өткен аптаның соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапарымен келіп, қаржы секторының өкілдерімен, соның ішінде «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Елдар Теңізбаевпен кездесті.

Мемлекет басшысының айтуы бойынша еліміздегі қаржы секторында бірқатар өзекті мәселелер бар, олар бойынша тиісті шаралар қолданылуы тиіс. Атап айтқанда, қазақстандықтардың қарызын бақылау, ШОБ-ға несие беру, соның ішінде ауылдағы кәсіпкерлік бастамаларды дамыту, ұлттық қаржы нарығын дамыту тақырыптары талқыланды. Сондай-ақ болашақтағы қаржы жүйесінің негізі болуы мүмкін цифрлық теңгені ендіру тақырыбы сөз етілді. Сонымен бірге еліміздегі криптовалюта нарығының, атом энергетикасының болашағы да талқыланды.

Сбербанк жоғарыда келтірілген бірқатар мәселелер бойынша белсенді жұмыс атқаруда және өз қызметінің аясында оларды іске асыру үстінде. Мысалы, Президент қаржы секторын климаттық күнтізбеге бейімдеуді жеке бір тақырыптық бөлім ретінде қозғады.

– ESG тұрақты даму негіздерінің (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) әсерінен қаржы секторының қарқынды түрде өзгеріп, дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Бұл біздің елге тікелей ықпалын тигізеді… Отандық қаржы секторы Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу жүйесінде негізгі байланыстырушы болуы тиіс, – деді Мемлекет Басшысы.

Елдар Амантайұлы Президент сөзін жалғастыра келе, ESG негіздерін Қазақстанның банк саласына ендірудің маңыздылығын, бұл бағытта Сбербанкте қандай жұмыс атқарылып жатқанын айтты. Экономикалық өсімді қамтамасыз ете отырып, қоршаған ортаны қорғауға қатысты өзекті деген тақырыптарға тоқталды.

Банктің Басқарма Төрағасының айтуынша қолданыстағы электр станцияларын жақсарту, жаңа үлгідегі электр станциясын салу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, қолданыстағы қалалық және аймақаралық инфрақұрылымды түрлендіру, сондай-ақ әлеуметтік-жауапты қаржыландыруды дамыту Қазақстан үшін болашағы бар бағыттар бола алады. Сбербанк, өз кезегінде, мұндай бағыттарға белсенді түрде қолдау көрсетіп келеді. Мысалы, биыл Банк Нұр-Сұлтан қаласындағы электр автобусы паркінің құрылысын қаржыландырды және Алматы қаласындағы паркке электр автобустарын сатып алуға қаржы бөлді.

Сондай-ақ Елдар Теңізбаев Сбербанкте жүзеге асырылып жатқан ESG-бастамалар туралы да айтты. Мысалы, «жасыл» клиенттерді ынталандыру туралы және көміртек қалдықтарын азайтуға, жаңартылатын энергия көздерінің қуатын арттыруға бағытталған ESG-жобалардың негізінде несие алған корпоративтік клиенттерге қызмет көрсету бойынша жеке шарттар жасау туралы.

ESG-жобасын дамыту аясында білім беру мекемелері және емханалар сияқты әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру да маңызды тақырыптардың бірі. Төрағаның пікірінше мұндай жобаларды жүзеге асыруда мемлекеттік-жеке серіктестер (МЖС) негізгі құрал бола алады.

​«Мысалы, биыл жеке инвесторлармен бірлесіп Нұр-Сұлтан қаласында алты «BINOM School» мектебінің құрылысы бойынша жобаны іске асырдық, ол жерде сабақ цифрлық бағытта өткізіледі, ал мектептердің өзі ерекше қажеттіліктері бар балаларға да бейімделген. Аталған жоба МЖС аясында қаржыландырылды.

Ағымдағы жылы Сбербанк барлығы 11 мектептің құрылысын қаржыландырды, солайша, 25 мың оқу орнымен қамтамасыз етті, сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы балалар онкологиялық емханасының жаңа бөлімшесінің құрылысы бойынша жобаны қаржыландырды» – деді Елдар Амантайұлы.

Банк Төрағасы Сбербанктің еліміздегі экономикалық өсімнің дамуына және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізетін маңызды жобаларды болашақта да жүзеге асыруды жалғастыратын айтты. 

Поделиться


Алматы