Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанктің 2021 ж. желтоқсандағы мереке күндеріндегі жұмыс тәртібі

Құрметті клиенттер, Сбербанк сіздерді келе жатқан мереке күндерімен құттықтайды!

Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, еңбектеріңізге табыс тілейміз!

Сіздерге «Сбербанк» АҚ ЕБ бөлімшелерінің 2021 жылғы 1 желтоқсандағы және 16-17 желтоқсандағы мерекелік және демалыс күндердегі жұмыс тәртібі туралы хабарлаймыз.

Мереке және демалыс күндері клиенттерге операциялық-кассалық қызмет көрсету бекітілген жұмыс кестесіне сай көрсетіледі, жұмыс кестесімен осы жерде таныса аласыздар.

Қалған күндері банк әдеттегі тәртіпте жұмыс жасайды.

Сондай-ақ Сбербанктің онлайн-каналдарының кез келген күні және кез келген уақытта сіздер үшін қолжетімді болатынын естеріңізге саламыз, банк қызметтерін үйден немесе кеңседен шықпай-ақ ала аласыздар.

Sberb KZ қосымшасында төмендегі қызметтер көрсетіледі:

  • Карталарды, соның ішінде цифрлық карталарды ашу және жабу;
  • Несие картасын ашу және жабу;
  • Карталар және шоттар бойынша үзінді көшірмелер мен анықтамалар;
  • Елшілікке арналған анықтамалар;
  • Валютада жасалатын аударымдар үшін деректемелер;
  • Картадан Сбербанктің немесе кез келген басқа банктің картасына аударым жасау;
  • РФ Сбербанкке аударым жасау;
  • Жеке тұлғаның шотына аударым жасау;
  • Заңды тұлғаның шотына аударым жасау;
  • Халықаралық аударымдар;
  • Салымдарды ашу, толықтыру, ішінара алу және жабу;
  • Айырбастау операциялары;
  • Несиені ішінара өтеу (толық мерзімінен бұрын өтеу);
  • Пин-код орнату және ауыстыру;
  • ЮMoney сәйкестендіруі;
  • Картасыз қолма-қол ақша шешу;
  • Онбординг клиент атану;
  • ЭЦҚ шығару;
  • Автотөлемдер/автоаударымдар жасау;
  • Валюта бағамдарын көрсету;
  • Қаржы бойынша статистика;
  • Сондай-ақ төлемдердің 3500 түрі бар, соның ішінде коммуналдық, мектеп, балабақша ақысын, айыппұлдар мен салықтарды және тағы да басқа қызмет ақыларын төлеуге болады.

 

Сұрақтарыңыз бойынша «Жинақ банкі» АҚ ЕБ Алматы қ. Филиалының құрылымдық бөлімшелеріне/Операциялық бөліміне қызмет көрсету орны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ Сіз банк қызметтері мен қажетті ақпараттарды:

  • Sber KZ/Сбербанк Бизнес Онлайн қызметтерін
  • www.sberbank.kz Банктің сайтын
  • сall-center
  • мобилді телефоннан 50-30 нөмірін
  • қалалық телефоннан 8 (727) 266-35-68 нөмірін пайдалана отырып алуыңызға болады.

 

Құрметпен, «Сбербанк» АҚ ЕБ

Поделиться


Алматы