Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

«Көрімдік» акциясын ұзарту

Банктің «Сбербанк» АҚ ЕБ-да автонесие рәсімдеген және алған клиенттері үшін маркетингтік акция өткізу шарттары

 

«Көрімдік» маркетингтік акциясы (бұдан әрі – Акция) Сбербанкте автонесие рәсімдеген және алған Клиенттерге арналған.

1. Терминдер мен анықтамалар

 

1.1. Акция — «Сбербанк Ресей» Акционерлік Қоғамының Еншілес Банкі ұйымдастыратын «Көрімдік» атты маркетингтік акция (Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген 03.02.2020 ж. № 1.2.199/93/31  лицензия).
1.2. Акцияға қатысушылар — төмендегі талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары: 
Акцияға қатысушы – Акция өткізу кезеңінде автонесие рәсімдеген және алған клиент; 
Клиентте Сбербанктің бұғатталмаған, теңге валютасындағы төлем картасы болуы қажет. Төлем картасы болмаған жағдайда, АС СЖМ қызметкерлері автонесиені рәсімдеген сәтте Sberbank KZ мобильді қосымшасында теңге валютасында сандық карта ашады;
Акцияға қатысушының Банк алдында мерзімі өткен берешегі жоқ;
Акцияға қатысушының берешектері және/немесе теріс несие тарихы жоқ;
Отандық автоөндірушілерді қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар бойынша авто сатып алатын Клиент акцияға қатыса алмайды;
Қатысушының өтінімі Банктің АЖ арқылы рәсімделеді;
Ұтыс ойыны кезінде акцияға қатысушының жасы толық 21-де және одан үлкен болуы керек. 
1.3. Акция өткізілетін кезең –03.11.2021 бастап 31.12.2021 дейін (қоса алғанда)
1.4. Жүлде – осы Акцияға сәйкес Акция Жеңімпазына табысталатын сыйлық;

2. Акцияға қатысу талаптары

 

2.1. Акция Сбербанкте Акция өткізу кезеңінде автонесие рәсімдеген және алған Банк клиенттері арасында өткізіледі;  

2.2. Акцияға қатысушы клиенттер: жеке тұлғалар (резиденттер).

2.3. Акцияға қатыса алмайтын тұлғалар: Банк қызметкерлері және Банктің үлестес жеке тұлғалары, сондай-ақ Акцияға қатысу кезінде 21 жасқа толмаған, теріс несие тарихы бар тұлғалар.

2.4. Бір клиент БЖК (борыштық жүктеме коэффициенті) және берешектің ең жоғары сомасы өнім талаптарына сәйкес келген жағдайда, акция кезеңінде шектеусіз автонесиелер ала алады.

2.5. Акция өткізілетін кезең – 03.11.2021 бастап 30.11.2021 дейін (қоса алғанда).

2.6. Акция кезеңі ағымдағы бюджет аясында сәтті орындалған жағдайда, ұзартылуы мүмкін және егер МжКБ-де Автонесиелеу өнімінің акциясы аяқталғанға дейін бюджет аяқталса, қысқартылуы мүмкін.


3. Акцияның жүлде қоры

 

3.1. Клиенттерге сыйлық ретінде Сбербанктің қолданыстағы картасына теңге валютасында 10 000 теңге мөлшерінде ақша аударылатын болады.


4. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі

 

4.1. Акция өткізілетін кезеңде автонесие рәсімдеген барлық клиенттер кепілдендірілген жүлдені алады.


5. Жүлдені табыстау тәртібі

 

5.1. Клиентке 10 000 теңге соманы картаға аудару түріндегі сыйлық Банктің АЖ арқылы жүргізіледі.

5.2. Аудару кезінде клиентке Сбербанктен «Көрімдік» түскені туралы смс/пуш хабарлама келеді.


6. Өзге талаптар

 

6.1. Банк осы Акция талаптарына өзгертулер енгізуге құқылы. Өзгертілген жағдайда, Банк осы Акцияның жаңа редакциясы күшіне енгенге дейін кемінде 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын осы Акцияның жаңа рекдакциясын Банктің келесі сайтында жариялау арқылы хабарландырады: https://www.sberbank.kz/ru/individuals. Сонымен қатар Банк осы Акцияның өзгеруі туралы Клиенттерге маркетингтік және/немесе ақпараттық материалдарды ұсыну жолымен хабарландыруға құқылы.

6.2. Клиент осы Акцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенін өздігінен бақылауға міндеттенеді. Клиенттің осы Акцияның жаңа редакциясы күшіне енгеннен кейін төлем картасын және/немесе осы Акцияны пайдалану бойынша іс-әрекет жасауы Клиенттің осы Акцияның жаңа редакциясымен келіскендігінің растамасы болып табылады.

6.3. Егер кез келген Клиент осы Акцияның талаптарын сақтамаса және/немесе алаяқтық әрекеттер жасаса және/немесе Клиентке осы Акция аясында берілетін қандай да бір артықшылықтарын және/немесе сыйларды асыра пайдаланса және/немесе серіктестерге жаңылыстыратын ақпаратты немесе серіктестеріне дұрыс емес мәліметтерді берсе, Банк МжКБ жауапты қызметкер(лер)інің шешімі негізінде ол Клиентті ескертпестен, осы Акцияға қатысушылар қатарынан шығарып тастауға құқылы.

6.4. Акция кепілдендірілген жүлдені білдіреді, сәйкесінше, барлық төлемдер Банктің АЖ арқылы автоматты түрде жасалады.

6.5. Туындайтын барлық салықтар Банктің табысы есебінен төленеді: ақшалай жүлделер құнынан 10% мөлшерінде ЖТС төленеді.

6.6. Акция аясындағы барлық жүлделер Банк табысы есебінен табысталады.

 

Поделиться


Алматы