Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

«100% кешбэк» маркетингтік акциясы

Банк клиенттері, «Сбербанк» АҚ ЕБ шығарған VISA төлем карталарын ұстаушылар үшін «100% кешбэк» маркетингтік акциясын өткізу талаптары

 

«100% кешбэк» маркетингтік акциясы (бұдан әрі – Акция) Сбербанктің Visa төлем карталарын ұстаушы - Клиенттерге арналған.

 

1. Терминдер мен анықтамалар.

1.1. Акция — «Ресей Жинақ банкі» Акционерлік Қоғамы Еншілес Банкімен ұйымдастырылған «100% кешбэк» атты маркетингтік акциясы (Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген 03.02.2020 ж. № 1.2.199/93/31  Лицензия).
1.2. Акцияға қатысушылар — келесі талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары: 
Акцияға қатысушы – Сбербанктің VISA картасымен (Сбербанк Біріншіні қоспағанда) кемінде 3 000 тг сомасына тауар немесе қызмет ақысын төлеген клиент; 
Акцияға қатысушының Банк алдында мерзімі кешіктірілген берешегі жоқ.
Ұтыс ойыны кезінде акцияға қатысушының жасы толық 18-де және одан үлкен болуы керек, сондай-ақ ҚР резиндеті болуы тиіс. 
1.3. Акцияны өткізу кезеңі – 03.12.2021 ж. бастап 28.12.2021 ж. дейін.
1.4. Жеңімпаз – осы Акцияда көрсетілген тәртіпте жеңімпаз болып танылған Акцияға қатысушы;
1.5. Жүлде – осы Акцияға сәйкес Акция Жеңімпазының картасына аударылатын кешбэк. 

2. Акцияға қатысу талаптары.

 

2.1. Акция Сбербанктің VISA картасымен (Сбербанк Біріншіні қоспағанда) акцияны өткізу кезеңінде 3 000 теңгеден басталатын сомаға тауар немесе қызмет ақысын төлеген Банк Клиенттері арасында өткізіледі;

2.2. Акцияға қатысатын Клиенттер: 18 жасқа толған және одан үлкен жастағы жеке тұлғалар (резиденттер).

2.3. Акцияға қатыса алмайтын тұлғалар: Банк қызметкерлері және Банктің үлестес жеке тұлғалары, сондай-ақ Акцияға қатысу кезінде 18 жасқа толмаған тұлғалар, берешегі бар клиенттер.

2.4. Бір клиент шексіз рет төлем жасай алады.

2.5. Ұтыс ойындары келесі күндері өткізіледі: 15.12.2021, 29.12.2021. Ұтыс ойындары Банкке байланысты емес себептер бойынша басқа күндерге ауыстырылуы мүмкін.

2.6. МжКБ жауапты қызметкері ұтыс ойыны басталардан 1 күн бұрын осы ұтыс ойынына қатысуға құқығы бар қатысушылардың тізімін сұратады.

2.7. Қайтарылған кешбэк бойынша әрбір клиент үшін 50 000 теңгеден аспайтын «Қақпақша» орнатылады;

2.8. Акция кезеңінде 80 клиент арасында 15.12.21 және 29.12.21 ұтыс ойындары өткізіледі (ұтыс ойынының бір трансляциясында: банк 40 клиенттің транзакцияларын таңдайды, ойнатылатын кешбэктің жалпы сомасы 2 000 000 теңгеден аспауы тиіс).


3. Акцияның жүлде қоры.

 

3.1. Акция аясында жүлделер ретінде жеңімпаздардың транзакцияларының сомасы қайтарылады, бірақ 50 000 теңгеден аспайды.

3.2. Банк туындайтын барлық салықтарды Банктің табысы есебінен – 10% мөлшерінде ЖТС төлейді.


4. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі.

 

4.1. Жеңімпаздарды анықтау Маркетинг және коммуникациялар басқармасының (бұдан әрі – МжКБ) жауапты қызметкерлерінен тұратын комиссияның қатысуымен, келесі кездейсоқ сандар генераторы веб-сайтында Жеңімпазды кездейсоқ таңдау арқылы жүзеге асырылады: lizaonair.com.

4.2. Жеңімпаздарды анықтау үшін 2-т. көрсетілген Акцияға қатысу талаптарын орындаған барлық Акцияға қатысушылардың жеке сәйкестендіру нөмірлері (соңғы 4 сан) пайдаланылады. Жеңімпаздарды анықтау Банктің Әлеуметтік желілерінің парақшаларында тікелей эфирде, барлық әрекеттерді бейнежазбалау арқылы жүргізілетін болады. 


5. Жүлдені табыстау тәртібі

 

5.1. Жеңімпаз анықталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде МжКБ жауапты менеджері Карталық жүйені қолдау және дамыту департаментіне кешбэк есептеу сомалары бар жеңімпаздардың тізімін ұсынады.

5.2.  Карталық жүйені қолдау және дамыту департаменті клиентке 3 жұмыс күні ішінде ұтыс мөлшерінде кешбэк есептейді.

5.3. МжКБ жауапты менеджері жеңімпаздарды анықтаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жеңімпаздарға ұтыс туралы мәтін бар пуш-хабарлама жіберу үшін ББТжСБ-ға өтінімін береді.

5.4. Жеңімпаз кешбэк есептеуді Sber KZ мобильді қосымшасында транзакциялық кешбэк түрінде көре алады және оларды акциядан кейінгі келесі айда ақша есептеу түрінде іске қосқаннан кейін пайдалана алады.

5.5. Жеңімпаз Банкпен байланысты емес кез келген себептермен, соның ішінде Жеңімпаздың жеке сәйкестендіру нөмірі, байланыс мекенжайы, аты және/немесе тегі, телефон нөмірі немесе өзге деректемелері клиент картасында дұрыс көрсетілмеген немесе өзгертілген жағдайда Жүлдені ала алмағаны үшін Банк жауапты болмайды. Бұл ретте мұндай Жеңімпаздардың Банктен қандай да бір өтемақы алу құқығы жоқ.

5.6. Жеңімпаз жүлдені алған сәттен бастап меншік құқығы оған өтеді. Сол сәттен бастап Банк Жүлдені жоғалту, оны иелену және басқарумен байланысты туындайтын қауіп үшін жауапты болмайды.

5.6. Жүлдені Жеңімпазға/Жүлдені алушыға беру Банк жүйесінен есептеу туралы үзінді көшірмемен расталады.


6. Өзге талаптар.

 

6.1. Банк осы Акция талаптарына өзгертулер мен толықтырулар енгізуге құқылы. Осы Акция өзгерген жағдайда Банк осы Акцияның жаңа редакциясы күшіне енгенге дейін кемінде 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын осы Акцияның жаңа рекдакциясын Банктің https://www.sberbank.kz/ru/individuals сайтында жариялау арқылы хабарландырады.

Сонымен қатар Банк Клиенттердің осы Акцияның өзгеруі туралы Клиенттерге маркетингтік және/немесе ақпараттық материалдарды ұсыну арқылы хабарландыруға құқылы.

6.2. Клиент осы Акцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенін өздігінен бақылауға міндеттенеді. Клиенттің осы Акцияның жаңа редакциясы күшіне енгеннен кейін төлем картасын және/немесе осы Акцияны пайдалану бойынша іс-әрекет жасауы Клиенттің осы Акцияның жаңа редакциясымен келіскендігінің растамасы болып табылады.

6.3. Егер кез келген Клиент осы Акцияның талаптарын сақтамаса және/немесе алаяқтық әрекеттер жасаса және/немесе Клиентке осы Акция аясында берілетін қандай да бір артықшылықтарын және/немесе сыйларды асыра пайдаланса және/немесе серіктестерге жаңылыстыратын ақпаратты немесе серіктестеріне дұрыс емес мәліметтерді берсе, Банк МжКБ жауапты қызметкер(лер)інің шешімі негізінде ол Клиентті ескертпестен осы Акцияға қатысушылар қатарынан шығарып тастауға құқылы.

Поделиться


Алматы