Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

«Visa Urban-ның жаңа жылдық ұтыс ойыны» акциясы

Technodom.kz-те Visa Urban кредиттік картасымен бөліп төлеу арқылы тауарды рәсімдеген Банк клиенттеріне арналған маркетингтік акцияны өткізу талаптары

 

«Visa Urban-ның жаңа жылдық ұтыс ойыны» акциясы (бұдан әрі – Акция) Technodom.kz-те Visa Urban кредиттік картасымен бөліп төлеу арқылы тауарды рәсімдеген Клиенттерге арналған.

 

1. Терминдер мен анықтамалар. 
 
1.1. Акция — «Сбербанк» АҚ ЕБ-мен ұйымдастырылған «Visa Urban-ның жаңа жылдық ұтыс ойыны» атты маркетингтік акциясы (Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген 03.02.2020 ж. № 1.2.199/93/31  Лицензия).
1.2. Акцияға қатысушылар — келесі талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары: 
Акцияға қатысушы – Акцияны өткізу кезеңінде Visa Urban кредиттік картасын ашқан және  Technodom.kz-те картамен бөліп төлеу арқылы тауарды рәсімдеген клиент.  
Акцияға қатысушы – Акцияны өткізу кезеңінде Technodom.kz-те картамен бөліп төлеу арқылы тауарды рәсімдеген, қолданыстағы кредиттік картаны ұстаушы клиент.  
Акцияға қатысушының Банк алдында мерзімі кешіктірілген берешегі жоқ.
Акцияға қатысушының берешектері және / немесе теріс кредиттік тарихы жоқ;
Ұтыс ойыны кезінде акцияға қатысушының жасы толық 21-де және одан үлкен болуы керек. 
1.3. Акцияны өткізу кезеңі – 10.12.2021 – 31.12.2021 аралығында (қоса алғанда). 
1.4. Жеңімпаз – осы Акцияда көрсетілген тәртіпте жеңімпаз болып танылған Акцияға қатысушы. 
1.5. Жүлде – осы Акцияның талаптарына сәйкес Ұтыс ойынының Жеңімпазына табысталатын сыйлық.
1.6.   Ұтыс ойыны – бұл Банк өткізетін рәсім, оған сәйкес Акцияға қатысушылар арасында Жеңімпаздар анықталады.

2. Акцияға қатысу талаптары.

 

2.1. Акция Technodom.kz-те Акцияны өткізу кезеңінде кредиттік картамен бөліп төлеу арқылы тауарды рәсімдеген Банк Клиенттерінің арасында өткізіледі. 

2.2. Акцияға қатысушы клиенттер: жеке тұлғалар (резиденттер).

2.3. Акцияға қатыса алмайтын тұлғалар: Банк қызметкерлері және Банктің үлестес жеке тұлғалары, сондай-ақ Акцияға қатысу кезінде 21 жасқа толмаған, теріс кредиттік тарихы бар тұлғалар.

2.4. Бір клиент акция кезеңінде бөліп төлеу арқылы тауарлардың шектеусіз санын рәсімдей алады;

2.5. Акцияны өткізу кезеңі –  10.12.2021 – 31.12.2021 аралығында (қоса алғанда).


З.  Акцияның жүлде қоры.

 

3.1 Ұтыс ойынының жүлде қоры: 

Жүлделер 

Саны, дана

  1.  

Ұялы телефон – Iphone 12 Pro

2

  1.  

Ноутбук – MacBook Pro 13

3

3.2 Жүлделерді ақшалай баламасымен немесе өзге затпен беруге жол берілмейді.

3.3 Акция шеңберіндегі барлық жүлделер Банк табысы есебінен табысталады.

3.4. Жүлде қоры ККДБ бюджетінен жүзеге асырылады.

3.5 Жауапты қызметкер (МжКБ) сыйлықтар берілген айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмейтін мерзімде БЕжЕД-ға Жүлделерді қабылдап-беру туралы актісін береді.


4. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі.

 

4.1. Жеңімпаздарды анықтау Маркетинг және коммуникациялар басқармасының (бұдан әрі – МжКБ) жауапты қызметкерлерінен тұратын комиссияның қатысуымен, келесі кездейсоқ сандар генераторы веб-сайтында Жеңімпазды кездейсоқ таңдау арқылы жүзеге асырылады: www.random.org немесе lizaonair.com. Жеңімпаздарды анықтау үшін 2-т. көрсетілген Акцияға қатысу талаптарын орындаған барлық Акция қатысушыларының жеке сәйкестендіру нөмірлері (соңғы 4 сан) пайдаланылады. Жеңімпаздарды анықтау Банктің Әлеуметтік желілерінің парақшаларында тікелей эфирде, барлық әрекеттерді бейнежазбалау арқылы жүргізілетін болады. 

4.2.  Жеңімпаздар туралы ақпарат Instagram-дағы @sberbank_kz ресми парақшада тікелей эфир өткізу және оны IGTV-де сақтау арқылы жарияланады. Ақпаратты жариялау және Жеңімпазға Жүлдені табыстау үшін Банктің жауапты менеджері Акция Жеңімпазынан ол толтырған және қол қойған банктік құпия мен клиенттің дербес деректері туралы ақпаратты ашуға өтініш-келісімін алуы тиіс.


5. Жүлдені табыстау тәртібі

 

5.1. Жеңімпаз анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Банк (МжКБ жауапты менеджері) Жеңімпазға оның Жүлдені алу құқығы және сәйкес Жүлдені табыстау орны туралы хабарлайды. Жүлдені алар кезде Жеңімпаз өзінің жеке куәлігін немесе егер ол сенім артылған тұлға болған жағдайда, Жүлдені алуға және банктік құпия мен клиенттің дербес деректері туралы ақпаратты ашуға өтініш-келісімге қол қоюға сенімхатты ұсынуы тиіс.


6. Өзге талаптар.

 

6.1. Банк осы Акция талаптарына өзгертулер мен толықтырулар енгізуге құқылы. Осы Акция өзгерген жағдайда Банк осы Акцияның жаңа редакциясы күшіне енгенге дейін кемінде 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын осы Акцияның жаңа рекдакциясын Банктіңhttps://www.sberbank.kz/ru/individuals сайтында жариялау арқылы хабарландырады. Сонымен қатар Банк Клиенттердің осы Акцияның өзгеруі туралы Клиенттерге маркетингтік және/немесе ақпараттық материалдарды ұсыну жолымен хабарландыруға да құқылы.

6.2. Клиент осы Акцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенін өздігінен бақылауға міндеттенеді. Клиенттің осы Акцияның жаңа редакциясы күшіне енгеннен кейін төлем картасын және/немесе осы Акцияны пайдалану бойынша іс-әрекет жасауы Клиенттің осы Акцияның жаңа редакциясымен келіскендігінің растамасы болып табылады.

6.5. Туындайтын барлық салықтар Банктің табысы есебінен төленеді: ақшалай жүлделер құнынан 10% мөлшерінде ЖТС, 12% мөлшерінде ҚҚС төленеді.

6.6. Акция шеңберіндегі барлық жүлделер Банк табысы есебінен табысталады.

 

Поделиться


Алматы