Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

  • Пресс-служба
  • Жаналык
  • «Visa Platinum/Infinite премиум жалақы карталарын ұстаушылар үшін 5% жоғарылатылған Cash back» АКЦИЯСЫНЫҢ РЕСМИ ЕРЕЖЕЛЕРІ (бұдан әрі – «Ережелер»)

«Visa Platinum/Infinite премиум жалақы карталарын ұстаушылар үшін 5% жоғарылатылған Cash back» АКЦИЯСЫНЫҢ РЕСМИ ЕРЕЖЕЛЕРІ (бұдан әрі – «Ережелер»)

 1. Жалпы қағида
 
1.1. Осы Ережелерде «Visa Platinum/Infinite премиум жалақы карталарын ұстаушылар үшін 5% жоғарылатылған Cash back» акциясын (бұдан әрі – «Акция») өткізу тәртібі мен талаптары белгіленеді. Акцияның қатысушылары осы Ережелерде көрсетілген критерийлерге сәйкес анықталады. Акцияға қатысу тегін. Акция құмар ойыны болып табылмайды және құмар ойнының кез келген нысанында пайдаланылмайды.
1.2. Акцияны өткізудің бастамашысы және ұйымдастырушысы – B01E1M9 , Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Желтоқсан к-сі,191 мекенжайы бойынша орналасқан «Жинақ банкі» АҚ ЕБ (бұдан әрі – «Ұйымдастырушы»).

2. Осы Ережелердің мәтінінде қолданылатын терминдердің анықтамасы

 

2.1. Акцияға қатысушы – осы Ережелердің 4-тармағында белгіленген іс-әрекетті орындаған және осы Ережелердің барлық талаптарына сәйкес келетін, Сбербанктің Visa Platinum/Infinite премиум жалақы карталарын ұстаушылар Visa Platinum/Infinite банктік төлем карталарын пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларына (бұдан әрі – қолма- қол ақшасыз операциялар) ынталандыру мақсатында жүргізіледі. 
2.2. Пайдаланушы – жеке тұлға, дүниежүзiлiк Интернет желiсiн пайдаланушы, төлем карталарын ұстаушы (картаның иесі).
2.3. Сыйлық – Акцияның жеңімпазына осы Ережелерге сәйкес 5% мөлшерінде ұсынылатын жоғарылатылған Cashback.
2.4. Cashback – www.sberbank.kz мекенжайы бойынша Банктің интернет-ресурсында көрсетілген мөлшерде және талаптармен Карта арқылы тауарды/қызметті сатып алған кезде, Клиентке қолма-қол ақшасыз жүргізілген операция сомасының бір бөлігін қайтару.

3. Акцияны өткізу кезеңі

3.1. Акцияны өткізу кезеңі – 03.11.2021 ж. Бастап 31.12.2021 ж. дейін.
3.2. Ұйымдастырушы кез келген уақытта Акцияның мерзімін, оны өткізу, соның ішінде Cashback есептеу талаптарын   толықтыруға   және/немесе   өзгертуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы   заңнамасымен   тыйым   салынбаған тәсіл арқылы бұл туралы өз бетінше хабарлап, Акция өткізуді немесе Cashback есептеуді тоқтатуға, уақытша тоқтатуға, өткізбеуге құқылы. Айтарлықтай өзгерістер туралы ақпарат www.sberbank.kz сайтында орналастырылады.

 


4. Акцияға қатысу талаптары

 

4.1. Акция өткізілетін сәтте жасы 18-ге толған, осы Ережелердің барлық талаптарын тиісті дәреже орындаған, Қазақстан Республикасының кез келген әрекет етуге қабілетті азаматы Акцияға қатыса
алады.
4.2. Акцияға қатысу үшін:
4.2.1.   03.11.2021 ж. 00 сағат 00 минуттан бастап 31.12.2021 ж. 23 сағат 59 минутқа дейінгі кезеңде (қоса алғанда) Visa Platinum/Infinite жалақы картасымен қолма-қол ақшасыз төлем жасаған кезде төлем сомасынан 5% жоғарылатылған Cashback алыңыз (ең жоғары сома – 150 000 теңге).
4.3. Акцияға қатысу үшін негіз болып табылмайды:
акция кезеңіне дейін және кейін жасалған қолма-қол ақшасыз операциялар;
басқа халықаралық төлем жүйелерінің (Mastercard) төлем картасы арқылы жасалған операциялар;
4.4. Акцияға қатысуға қойылатын шектеулер:
4.4.1. Қабiлетi шектеулі және/немесе әрекетке қабiлетсiз тұлғалар Акцияға қатысушы болып табылмайды және олардың оған қатысуға құқығы жоқ.
4.4.2. Жасы 18-ге толмаған тұлғалар Акцияға  қатысушы болып табылмайды және олардың оған қатысуға құқығы жоқ.

5. Акцияға қатысушының құқықтары мен міндеттері

 

5.1. Акцияға қатысушының құқықтары:
- Ережелермен танысу.
- Осы Ережелерде белгіленген тәртіппен Акцияға қатысу.
- Банктің www.sberbank.kz сайтынан Ережелердің өзгерістері туралы ақпарат алу.
5.2. Акцияға қатысушының міндеттері:
- Осы Ережелердің талаптарын орындау.
- Акция бойынша Сыйлықты алуға құқығы бар Акцияға қатысушы анықталған жағдайда, акцияға қатысушы осы Ережелердің 4-тармағында көрсетілген қажетті барлық іс-әрекеттерді орындауға міндетті.

6. Акция   ұйымдастырушысының   құқықтары мен міндеттері

 

6.1. Ұйымдастырушының міндеттері:
-   Акцияны осы Ережелерге сәйкес өткізу.
- 4-тармаққа сәйкес осы Ережелердің барлық талаптарын дұрыс орындаған барлық Акция қатысушыларына Акция сыйлығын беру;
6.2. Ұйымдастырушының құқықтары:
- Ұйымдастырушы Акцияның осы Ережелерінде және ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады.
- Осы Ережелердің 4-тармағында көрсетілген барлық талаптарды дұрыс және толық орындамаған қатысушыларға сыйлық беруден бас тарту.
- Акцияның осы   Ережелерінің   талаптарына   сәйкес келмейтін Қатысушыға Сыйлық беруден бас тарту.
-   Акцияны кәсіпкерлік   қызметті жүзеге асыру мақсатында пайдаланатын Қатысушыға Сыйлық беруден бас тарту.
- Ұйымдастырушы Сыйлық беру үшін   тұлғаны сәйкестендіретін қосымша құжаттарды талап етуге құқылы.

7. Қатысушыларға Акцияны өткізу мерзімі мен талаптарын хабарлау әдісі және тәртібі

 

7.1. Акцияға Қатысушыларға және ықтимал қатысушыларға Акцияны өткізу тәртібі мен талаптары жөнінде осы Ережелердің 3-тармағында көрсетілген Акцияны өткізу кезеңінде Акция туралы осы Ережелерді және ақпаратты орналастыру арқылы хабарланады.
7.2. Акцияның ұйымдастырушысы осы Ережелерге өзгерістер енгізуге құқылы. Акцияны өткізу кезеңі жалғасқан жағдайда немесе Ережелерге басқа да өзгерістер енгізілген жағдайда, Ұйымдастырушы мұндай өзгерістер мен жаңа Ережелерді жариялайды.

 


8. Сыйлықтарды алу тәртібі

 

8.1. Сыйлық сомасы (Cash back 5%) 4.2.1 т. сәйкес акция қатысушысының қолма-қол ақшасыз төлем сәтті өткен Platinum/Infinite картасына аударылады.
8.2. Акция қатысушыларының осы Ережелерде көрсетілмеген сыйақыны талап етуге құқығы жоқ. Жүлделерді қолма-қол ақшаға, басқа тауарларға немесе қызметтерге айырбастауға болмайды немесе жүлдені қабылдағаннан кейін үшінші тұлғаға беруге болады. Жүлделерді бергеннен кейін Ұйымдастырушының жеңімпаздар алдындағы барлық міндеттемелері тоқтатылады.
8.3. Жеңімпаздың осындай Сыйлықты алуына байланысты кез келген қосымша шығындарын Ұйымдастырушы өтемейді.

 


9. Суреттерді пайдалану және контентті модерациялау

 

9.1. Акцияға қатысу туралы шешім қабылдай отырып, Қатысушы өзінің ерікті түрде ұсынған кез келген    ақпаратын    Ұйымдастырушының,    оның уәкілетті өкілдерінің Қатысушының қосымша келісімін алмай-ақ және ол үшін оған қандай да бір төлем жүргізбей-ақ өңдейтініне (осы Ережелерге сәйкес міндеттерді орындау мақсатында және (немесе) жарнама агенттіктерінің жарнамалау мақсатында) келісім береді.

10. Дербес деректер

 

10.1. Акцияға Қатысушы дербес, өз атынан, ерікті түрде және өз бетінше іс-әрекет етеді. Акцияға Қатысушы Акцияға қатысу және Сыйлықты алу мүмкіндіктеріне байланысты жауапкершілік пен салдардың барлық тәуекелдіктерін өзіне қабылдайды.
10.2. Ұсынылатын ақпарат дербес деректерге жатады және ҚР заңнамасына сәйкес қорғалады.
10.3. Қатысушының   дербес   деректер   субъектісі ретіндегі құқықтары. Қатысушы:
Өзінің дербес деректерінің иесі/ таратушысы ретінде Ұйымдастырушының орналасқан жері туралы мәліметті алуға;
Өзінің дербес деректерінің иесі/ таратушысы ретінде Ұйымдастырушыдан өзінің дербес деректерін нақтылауды талап етуге;
Дербес деректерді қорғау туралы заңнама бұзылған жағдайда заңда көзделген құқықты қорғау құралдарын қолдануға;
Өзі туралы деректерге және/немесе деректерін кім және қандай мақсатта пайдаланатыны туралы ақпаратқа қол жеткізуге құқылы.
10.4. Дербес деректерді Ұйымдастырушы өз бетінше өңдеуі мүмкін немесе конфиденциалдылықты сақтау талабымен шарттың негізінде басқа операторларға берілуі мүмкін.
10.5. Акцияға Қатысушының дербес деректері Акцияға Қатысушының жазбаша өтініші бойынша кері қайтарылатын жағдайларға байланысты базада сақталады. Дербес деректерді өңдеуге келісімі кері қайтарылған жағдайда Қатысушы бұдан әрі Акцияға қатыспайды.
10.6. Ұйымдастырушы Қатысушы орналастырған дербес деректердің заңсыз немесе кездейсоқ пайдалануына, жойылуына, өзгертілуіне, тыйым салуына, көшірілуіне, дербес деректердің жариялануына, сондай-ақ басқа заңсыз іс- әрекеттерге ешқандай жауап бермейді. Сондай-ақ Ұйымдастырушы Қатысушының мұндай дербес деректерді орналастыру бойынша іс-әрекеттері нәтижесінде үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзғаны үшін жауап бермейді.

11. Басқа талаптар

 

11.1. Акция сыйлығын осы Ережелерде белгіленген талаптармен оларды алу құқығына ие болған акция қатысушыларына ғана беріледі.
11.2. Акция сыйлығы айырбасталмайды және қайтарылмайды.
11.3. Сыйлықты жеке ақшалай баламасына немесе басқа игіліктерге ауыстыруға болмайды.
11.4. Акция ұйымдастырушысының акция сыйлықтары қорының жалпы санын көбейтуге және азайтуға немесе акцияға осы Ережелерде көзделмеген қосымша сыйлықтар қосуға құқығы бар. Егер осындай өзгерістер орын алса, Ұйымдастырушы Ережелердің 7-тармағында көзделген тәртіппен өзгерістер туралы хабарлайды.
11.5. Акцияға қатысушы Акцияның осы Ережелерін    орындамаған жағдайда Сыйлық берілмейді.
11.6. Ұйымдастырушының Акцияны жүргізуге байланысты барлық мәселелер бойынша шешімі түпкілікті болып табылады және шағым жасауға жатпайды.
11.7. Ұйымдастырушы осы Ережелердің 3.2- тармағында көзделген тәртіппен Акция туралы қосымша ақпаратты орналастыруға құқылы.
11.8. Төменде көрсетілген жағдайларда Ұйымдастырушы Акцияның Сыйлығын беруді уақытша тоқтатуға немесе беруден бас тартуға құқылы:
Егер Қатысушы Акцияның осы Ережелерінің басқа қағидаларын, сондай-ақ ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа талаптарды бұзса;
Егер Ұйымдастырушы мұндай Қатысушының акцияға адал          қатысуына күмәнданса.
11.9. Ұйымдастырушы алынған Сыйлықтың болашақта пайдалануы үшін жауап бермейді.
11.10. Ұйымдастырушы Акцияға қатысушымен жазбаша келіссөз жүргізбеуге немесе кез келген басқа қарым-қатынас жасамауға құқылы.
11.11. Осы Ережелерде көзделген Сыйлық сапасына қатысты Ұйымдастырушының міндеттері Техникалық серіктес (немесе Сыйлықты ауыстырған жағдайда олардың сәйкес өндірушілері/ жеткізушілері) берген кепілдіктермен шектелген.
11.12. Акцияға қатысушы Акцияға қатыса отырып, осы Ережелермен танысу фактісін және Ережелермен толық және сөзсіз келісетінін растайды.
11.13. Егер компьютерлік вирустармен зақымдану, Интернет желісіндегі жұмыстағы кемшіліктер, ақаулар, айла әрекеттер, жүйеге заңсыз кіру, бұрмалау әрекеттері, техникалық кемшіліктер нәтижесінде пайда болған себептерді және Ұйымдастырушының бақылауынан тыс Акцияны бұрмалайтын немесе орындауына, қауіпсіздігіне, адалдығына, тұтастығына немесе тиісті дәрежеде жүргізілуіне қатысты кез келген басқа себептерді қоса есептегенде, қандай болмасын себептермен бұл Акцияның кез келген аспектісін жоспарға сәйкес жүргізу мүмкін болмаса, Ұйымдастырушы өз қалауы бойынша Акцияның күшін жою, тоқтату, өзгерту немесе уақытша тоқтату мүмкін.
11.14. Акцияның барлық қатысушылары Акцияға қатысуға байланысты жұмсалған шығындарын өз бетімен төлейді.
11.15. Акцияның барлық нәтижелері және Ұйымдастырушының шешімі түпкілікті болып табылады және шағым жасауға жатпайды.

 

Поделиться


Алматы