Малому бизнесу
Меню

Брокерлік операциялар

"Сбербанк" АҚ ЕБ – Қазақстан қор нарығының белсенді қатысушысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздармен (МҚҚ) жүргізілетін операцияларға қызмет көрсету бойынша бірінші дилер/агент болып табылады.

"Сбербанк" АҚ ЕБ-да ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің банктік және банктердің ұлттық және шетелдік валютада жүзеге асыратын өзге операцияларды жүргізуіне берген 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1, 2, 199/93/31  лицензиясы бар, осы лицензия аясында Банк номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы.  

Біз клиенттерге ақша қаражатын сақтау мен көбейтудің сенімді тәсілін, яғни оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға салуды  ұсынамыз. Қолайлы және басқару кезінде жылжымалы құнды қағаздар портфелі бірқатар жағдайларда депозиттерге тиімді балама болып табылады. Кез келген сәтте бағалы қағаздар Қазақстан Қор Биржасында оларды сату арқылы немесе РЕПО мәмілелерін (бағалы қағаздар кепіліне ақшаны тарту немесе орналастыру) жасау арқылы ақшалай активке айналуы мүмкін. Инвестициялаудың осы тәсілінің маңызды артықшылығы  - мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістерге салық салынбайды. 

Білгеніңіз жөн
Бөлісу
Алматы
Меню