Малому бизнесу
Меню

"Есептік шотты резерке онлайн қою" қызметі ҚР резиденті болып табылатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге беріледі, олар туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Салық комитетінде бар. Бір заңды тұлға не жеке кәсіпкер үшін резервке қою мерзімі ішінде (есептік шот нөмірін онлайн алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде) 10-нан артық есептік шот резервке қойылмайды. Резервке қойылған есеп шоты резервке қойылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтініште көрсетілген қала бойынша Банктің кез-келген бөлімшесінде есеп шот ашуға қажет барлық құжаттар жиынтығын ұсыну арқылы ашылуы тиіс. Егер, резервке қою мерзімі ішінде есеп шот ашылмаса, көрсетілген шот автоматты түрде жойылады.

 

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ: Шотты 24/7 резервке қою мүмкіндігі Клиенттің уақытын үнемдеу Шотты резервке қойғаннан кейін клиент шоттың нөмірін өз контрагенттеріне бірден хабарлай алады!!!

 

Есептік шот нөмірін кеңседен не үйден шықпай-ақ алуға болады!

 

Есептік шотты резервке қою үшін сізге банк сайтындағы жеке кабинетіңізде  өтініш толтыру қажет!

 

Шотты резервке қою туралы өтініш берген кезде клиент міндетті түрде Банктің талаптарымен танысып шығып, келесі жолдарды толтыруы қажет:

 
  • ЖШС/ЖK
  • Клиенттің атауы
  • БСН/ЖСН
  • Басшының аты-жөні
  • Байланыс телефондары
  • Қала
  • Қанша шот қажеттігі көрсетіледі
  • валюта түрін таңдау
 
 

Өтінішті жібергеннен кейін 5 минут ішінде клиенттің жеке кабинетіне резерке қойылған шоттың (-тардың) нөмірі және банктік деректемелер бойынша ақпарат жолданады.

 

Онлайн резервке қойған кезде есептік шоттың нөмірі клиенттің атында үш жұмыс күні бойы сақталады. Осы уақыт ішінде клиент міндетті түрде банк бөлімшесіне келіп, ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес есептік шот ашуға қажетті құжаттар жиынтығын ұсынуы қажет. Шот ашылған соң клиент резервке қойылған шотқа бойынша барлық операцияларды орындай алады.

 

Есептік шот ашу үшін құжаттар 3 жұмыс күні ішінде ұсынылмаған жағдайда, шот жойылады.

 

Есептік шот ашу және шотты жүргізу үшін комиссия Банктің қолданыстағы тарифтері бойынша алынады.

 

«Есептік шотты онлайн резервтеу» қызметі толық ақпаратты Сбербанктің www.sberbank.kz, сайтында,  Сбербанктің заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге қызмет көрсететін бөлімшелерінен немесе  +7 (727) 321 23 53телефоны арқылы Call centre-ге, сондай-ақ мобильді оператордан 7744 нөміріне хабарласып біле аласыздар.

 

Талаптар 01.03.2016 ж. бастап күшіне енеді. Талаптарды Банк бір жақты тәртіпте өзгертеді. 

 
 

 

 
Білгеніңіз жөн
Алматы
Меню