Малому бизнесу
Меню

Төлемдік тапсырмаларды штрих-кодтау

"Сбербанк" АҚ ЕБ  деректерді штрихтық кодтау мүмкіндіктеріне негізделген төлем құжаттарын электронды сканерлеу және тану жүйесін енгізеді.  

Жүйе екі өлшемді штрихтық кодтау қағидасына негізделген, оның сипаттамалары  қажетті ақпараттық сыйымдылықты және деректерді оқу тиімділігін қамтамасыз етеді. Клиент үшін жұмысқа қажеттісі – оның компьютеріне тегін орнатылатын штрих-кодтарды қалыптастыруға арналған бағдарламалық модуль. Клиентке қосымша арнайы құрал-жабдық  немесе бағдарламалық қамсыздандыру талап етілмейді: бағдарламалық модуль қолданыстағы аппараттық базаға орнатылған клиентте бар операциялық жүйемен кедергісіз өзара әрекеттеседі. 

Тәжірибеде электронды сканерлеу жүйесімен жұмыс кезінде клиент пен банктің өзара әрекеттесуі келесі түрде жүзеге асырылады:  клиент төлем тапсырмасын басып шығарған кезде жүйенің арнайы бағдарламалық модулі автоматты түрде жандандырылады. Бұл модуль төлемдік тапсырмадан барлық деректемелерді шығарып, оларды штрих-кодқа жинақтайды.  

Басып шығарылған төлемдік тапсырмада цифрлық түрде банктік жазбаны қалыптастыруға арналған барлық қажетті деректер бар. Банкте шот менеджері арнайы сканер көмегімен төлемдік тапсырмадағы штрих-кодты оқиды. Бұл жағдайда менеджерге орнатылған бағдарламалық қамтамасыз ету оқылатын деректерден төлемдік тапсырманың деректемелерін шығарады және оларды тексереді.

Шифр мәнін ашу нәтижелері банк менеджерінің компьютерінде көрсетіледі; осылайша, клиенттің төлемдік тапсырмасын банкте өңдеу бір секундтан да аз уақытты алады. 

  • Операцияларды жүзеге асыру жылдамдығы бірнеше мәрте ұлғаяды;
  • Төлем тапсырмасын толтыру кезінде кеткен қателіктер жөнінде клиент бірден біле алады, яғни оларды жылдам түзету үшін мүмкіндік береді;
  • Жаңа технологияны қолданумен дайындалған төлемдік тапсырмаларды қабылдау жеңілдікті тарифтер және ұзартылған кесте бойынша жүзеге асырылады.
Алматы
Меню