Малому бизнесу
Меню

Өзіндік инкассация

Түсімді есеп шотыңызға банкомат арқылы еңгізу

Қазақстан Республикасы бойынша кең желі – 600 астам құрылғы
Банкке келу қажеттілігі жоқ.
Ақжалай қаражаттың дереу есепке түсуі*.
* Демалыс күндері АДМ (Автоматты депозитарлық машина) арқылы толтырған кезде – қаражат бірінші операциялық күнде түседі.

Ыңғайлы:

Шотыңызға ақшалай қаражатты 24/7 режимінде енгізіңіз.
Ыңғайлы және қауіпсіз! Жеке нөмір бойынша сәйкестендіру.
Жинақ Банкі бар Қазақстан Республикасының кез келген қаласында толтыру.

Тиімді:

Комиссияны құрылғының орналасқан жеріне қарамастан өз филиалыңыздың тарифтері бойынша төлеңіз.
Инкассацияға жұмсалатын шығындары жоқ.
Құрылғыны клиенттің аумағында қосымша комиссиясыз орналастыру мүмкіндігі.
 
  • Жеке нөмір алу және іске қосу шартына қол қою үшін қызмет көрсететін менеджерге жүгіну қажет.
 
 

«Бөлімшелер мен банкоматтар» батырмасын басып, қалаңызды таңдаңыз, «Өзін инкассалау» тармағына белгі қойыңыз, жақын маңдағы қажетті банкоматты таңдаңыз. Банкоматтар тізімін мұнда да көре аласыз.

 
 

1. Өзіңізге ыңғайлы банкоматты немесе АДМ-ды таңдаңыз

2. Банкомат мәзірінен келесі тармақты таңдаңыз: Шотқа депозиттеу

3. Банкноттарды қолма-қол ақша қабылдау слотына салыңыз

4. Жиырылып қалудың алдын-алу үшін купюра қабылдағышқа ескі, жабыстырылған не жыртылған, майланған купюраларды салмауға кеңес беріледі, сондай-ақ банкноттарда қағаз қыстырғыш, түйреуіш болмауын тексеру қажет.

5. Жарамсыз купюраларды АДМ немесе банкомат қайта береді. Оларды қайта салуға болмайды.

6. Қаражат есептелген соң әрі қарайғы қадамды таңдаңыз:
- Тағы қабылдау
- Есептелген банкноттарды қайтару
- Шотқа түсіру

Ескертпе:  Бір операция кезінде АДМ шотқа түрлі номиналды тек 200 банкнот қана қабылдай алады. Банкноттар саны 200-ге жеткен кезде «Тағы қабылдау» бастырмасы жұмыс істемейтін болады.

Білгеніңіз жөн
Алматы
Меню