Келісімшарттық қаржыландыру
Келісімшарттық қаржыландыру – бұл келісім-шарт бойынша құқық-талаптар кепіліне қаржыландыру немесе қаржылық келісім-шарт бойынша болашақта түсетін ақша.
Келісімшарттық қаржыландырудың негізі – тапсырыс берушілер мен орындаушылар (мердігерлер, өнім берушілер) арасындағы шарттық қатынастар.
Келісімшарттық қаржыландыру өнім берушілерге де, тапсырыс берушілерге де меншікті қаражаттарының айналым жылдамдығын ұлғайтуға және уақытында, айыппұлдық санкцияларсыз, жасалған келісім-шарттардың талаптарын орындауға мүмкіндік береді.
Мақсатты топ |
Жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар |
Сомасы |
Тапсырыс берушімен келісімшарттың орындалмаған сомасының 70%-на дейін. |
Қаржыландыру мақсаты |
Келісімшартты орындаумен байланысты шығындарды қаржыландыру |
Қаржыландыру түрі |
Кредит/Жаңартылмайтын кредиттік желі/Жаңартылатын кредиттік желі |
Мерзімі |
Келісімшарттың талаптарына сәйкес, келісім-шарт бойынша төлем талаптарына сәйкес қосымша 1-2 айды, бірақ та 12 (он екі) айдан көп емес уақытты белгілеу мүмкіндігі бар. |
Қамтамасыз ету |
2. Компанияның негізгі қатысушысының кепілдігі |
Кредит валютасы |
KZT, USD, EURO, RUR |
Сыйақыны өтеу |
Ай сайын |
Негізгі борышты өтеу |
Ай сайын, тең үлестермен немесе аннуитетті төлемдермен. |
Комиссиялар |
«Сбербанк» АҚ ЕБ қызметтеріне арналған тарифтер жинағына сәйкес |
Негізгі борыштың және сыйақының мерзімі өткен төлемі үшін өсімпұл |
ЖК үшін – әрбір мерзімі өткен күн үшін төленбеген төлемдер сомасының 0,5%-ы, бірақ та кредиттің қолданылуының әрбір жылы үшін берілген заем сомасының 10 %-нан аспауы тиіс. ЗТ үшін - әрбір мерзімі өткен күн үшін төленбеген төлемдер сомасының 0,5%-ы. |
Кредиттің артықшылықтары
- Өтінімді қараудың қысқа мерзімдері;
- Кредитті мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұлдың жоқтығы;
- Қатты кепілдердің (жылжымайтын мүлік және т.б.) жоқтығы;
- Қаржыландырылатын компанияның өзге ерекшеліктері (маусымдылығы және т.б.) ескеріледі.
Заемшыларға қойылатын талаптар:
- Заемшының негізгі қызметі бойынша жұмыс тәжірибесі – кем дегенде 6 ай. Қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыратын шаруа қожалықтары үшін, сондай-ақ егер қарастырылатын бизнес маусымдық сипатта болса - 12 ай.
- Бизнесті жүргізудің тұрақты орнының болуы.
- Жағымды қаржылық тарих.
- Жағымсыз қаржылық тарихының болмауы
Құжаттар тізімі:
Құжаттар тізімі* |
ЗТ |
ЖК |
Құрылтайшылық құжаттар |
|
|
ЖК куәлігі, лицензиялар, сертификаттар, патент, бизнеске рұқсат және т.б. |
|
|
Салық органынан немесе e-gov-тан анықтама |
|
|
Соңғы 12 ай ішіндегі айналымдары көрсетілген өзге банктердегі ашық банктік шоттар туралы анықтама (айларға бөле отырып) |
|
|
Қаржылық есептілік |
|
|
Соңғы есептік кезең үшін салық декларациясы |
|
|
Құрылтайшылар, директорлар және бас бухгалтер құжаттарының көшірмелері (жеке куәлік, тіркелген жерінен анықтама) |
|
|
Құжаттардың көшірмелері (жеке куәлігі, неке туралы куәлік, тіркелген жерінен анықтама |
|
|
Қол үлгілері мен мөр іздері бар карточка |
|
|
Келісімшарттар |
|
|
*Банк жобаның толық сараптамасы үшін қажетті қосымша құжаттардың ұсынылуын сұратуға құқылы.
Қосымша ақпарат алу үшін, Сіз өз қалаңыздағы банк бөлімшесіне хабарласа аласыз. Байланыс орталығы 8 (727) 250-30-20 немесе Қазақстан өзге аймақтарда, 8-8000-808-808.телефоны арқылы хабарласуға болады.
© 2016 ДБ АО "Сбербанк"